Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 1 қарашадағы N 166 Өкімі

Қолданыстағы

Қазақстан Республикасының     
Президенті мен Үкіметі актілерінің 
жинағында жариялануға тиіс

           "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537  өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат, N 50, 529-құжат; 2007 ж., N 2, 22-құжат, N 13, 146-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына:

Шөкеев                 - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің
Өмірзақ Естайұлы         орынбасары, төрағаның орынбасары

      Комиссия мүшелері:

Бобров                 - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Владимир Яковлевич       Мәжілісі Экономикалық реформа және
                         өңірлік даму комитетінің төрағасы
                         (келісім бойынша),

Жолдасбаева            - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Нұрлығайым Шалданқызы    Сенаты Экономикалық және өңірлік саясат
                         комитетінің төрайымы (келісім бойынша),

Қарақұсова             - Қазақстан Республикасы Парламентінің
Гүлжан Жанпейісқызы      Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің
                         төрайымы (келісім бойынша),

Сұлтанов               - Қазақстан Республикасы Экономика және
Бақыт Тұрлыханұлы        бюджеттік жоспарлау министрі;

      болып енгізілсін;

"Өтебаев               - Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының
Мүсірәлі Смайылұлы       Экономика, қаржы және бюджет комитетінің
                         төрағасы (келісім бойынша)",

"Сапарбаев             - Қазақстан Республикасының Экономика және
Бердібек Машбекұлы       бюджеттік жоспарлау вице-министрі"

      деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:

"Өтебаев               - Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты
Мүсірәлі Смайылұлы       Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы
                         (келісім бойынша)",

"Сапарбаев             - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты
Бердібек Машбекұлы       әлеуметтік қорғау министрі";

      көрсетілген Комиссияның құрамынан А.Е.Мусин, В.В.Супрун, И.Д.Меркель, К.Ә.Сағадиев, В.Н.Сухорукова шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті