Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 6 сәуірдегі N 123 Өкімі

Қолданыстағы

      "Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537  өкіміне  (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      жоғарыда аталған өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына Сапарбаев Бердібек Машбекұлы - Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, Комиссия мүшесі болып енгізілсін;

      көрсетілген Комиссияның құрамынан Б.Т.Сұлтанов шығарылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті