"Республикалық бюджет комиссиясының құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі N 537 өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., N 18, 206-құжат; 2006 ж., N 10, 88-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған өкіммен белгіленген Республикалық бюджет комиссиясының құрамына мыналар енгізілсін:
Мусин - Қазақстан Республикасы Экономика
Аслан Есболайұлы және бюджеттік жоспарлау министрі,
Супрун - Қазақстан Республикасы Экономика
Виктор Васильевич және бюджеттік жоспарлау вице-министрі;
"Мәсімов - Қазақстан Республикасы Премьер-
Кәрім Қажымқанұлы Министрінің орынбасары, төрағаның
орынбасары"
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
"Құсайынов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Марат Әпсеметұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі,
хатшы";
"Құсайынов - Қазақстан Республикасы Экономика және
Марат Әпсеметұлы бюджеттік жоспарлау вице-министрі"
деген жол алынып тасталсын;
көрсетілген Комиссияның құрамынан Қ.Н.Келімбетов, Б.Ә.Палымбетов, Л.М.Кармазина шығарылсын.
Қазақстан Республикасының
Президенті