Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 24 ақпандағы N 26 Өкімі

Қолданыстағы

"Президент пен Үкімет  
актілерінің жинағында" 
жариялануға тиіс    

      "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 19 ақпандағы N 303  өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 6, 44-құжат; N 39, 369-құжат; 2003 ж., N 18, 180-құжат; 2004 ж., N 4, 50-құжат; N 51, 671-құжат; 2005 ж., N 44, 578-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңестің дербес құрамына:

      Байқадамов Болат Кенжекешұлы - Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл;
      Мәми Қайрат Әбдіразақұлы - Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы;
      Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі;
      Түгел Әнуар Құрманбайұлы - Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағының президенті;
      Тұрмағанбетова Жеміс Өтегенқызы - "Адам құқықтары үшін хартиясы" қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры енгізілсін;

      аталған Кеңестің құрамынан М.Т.Әлімбеков шығарылсын;

      2) аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Құқықтық саясат жөніндегі кеңес туралы Ереженің 4-тарауының алтыншы абзацындағы "Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімі" деген сөздер "Заңнама және құқықтық сараптама бөлімі" деген сөздермен ауыстырылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті