Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 524 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 шілдедегі N 568 Өкімі

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 21 қаңтардағы N 524  өкіміне  мынадай өзгерістер енгізілсін:

      аталған өкіммен құрылған Қазақстан Республикасының сот жүйесін одан әрі жетілдіру мәселелері жөніндегі комиссияның құрамына:

      Балиева Зағипа Яхияқызы - Қазақстан Республикасының Әділет министрі,
      Манкешов Шынтас Жалғасұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау және сот жүйелері мәселелері бөлімінің бас инспекторы, комиссия хатшысы;

      аталған комиссия құрамынан О.И.Жұмабеков, Н.В.Белоруков шығарылсын;

      "Мұхаметжанов Бауыржан Әлімұлы - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары - Мемлекеттік-құқық басқармасының бастығы, төраға" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Мұхаметжанов                - Қазақстан Республикасы Президенті
Бауыржан Әлімұлы               Әкімшілігі Басшысының орынбасары,
                               төраға";

      өкімнің 2-тармағындағы "1 мамырға" деген сөздер "1 желтоқсанға" деген сөздермен алмастырылсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президенті