Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 қазандағы N 353 өкiмiне өзгерiс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 8 сәуірдегі N 373 өкімі. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      "2003 жылы Ресейдегi Қазақстан жылын өткiзу жөнiндегi iс-шараларды дайындау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2002 жылғы 29 қазандағы N 353  өкiмiне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., N 37, 385-құжат) мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:

      жоғарыда аталған өкiммен бекiтiлген қосымшада:

"Қожақов             - Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер
Асан Егiнбайұлы        министрлiгiнiң Тәуелсiз мемлекеттер
                       достастығы iстерi және аймақтық
                       ынтымақтастық жөнiндегi комитетiнiң
                       төрағасы, хатшы"

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

"Оңжанов             - Сыртқы iстер вице-министрi, Қазақстан
Нұрлан Баймолдаұлы     Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң
                       ТМД iстерi жөнiндегi комитетiнiң төрағасы,
                       хатшы".

       Қазақстан Республикасының
      Президенті