Қазақстан Республикасы Конституциясының K951000_ 44-бабының
20) тармақшасына сәйкес ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту, құқық қорғау органдарының жұмысын үйлестіруді жақсарту мақсатында қаулы етемін:
1. Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі
республикалық жедел штаб құрылсын (бұдан әрі - Республикалық жедел штаб)
және оның дербес құрамы бекітілсін (қоса беріледі).
2. Республикалық шұғыл штабтың жұмыс органы Қазақстан Республикасы
Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқық бөлімі болып белгіленсін.
3. Республикалық жедел штабтың басшысы бір апта мерзімде штабтың
жұмыс жоспарын бекітсін.
Қазақстан Республикасының
Президенті
Қосымша
Қазақстан Республикасы
Президентінің 2000 жылғы
28 сәуірдегі N 134 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жөніндегі республикалық жедел штабтың
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
Мәми Қазақстан Республикасы Президенті
Қайрат Әбдіразақұлы Әкімшілігі Басшысының орынбасары
- Мемлекеттік-құқық бөлімінің
меңгерушісі - штаб жетекшісі
Штаб мүшелері:
Хитрин Қазақстан Республикасының
Юрий Александрович Бас Прокуроры
Рогов Қазақстан Республикасы
Игорь Иванович Президентінің кеңесшісі, Жоғарғы
Сот Кеңесінің төрағасы
Мұсаев Қазақстан Республикасы Ұлттық
Әлнұр Әлжапарұлы қауіпсіздік комитетінің төрағасы
Сүлейменов Қазақстан Республикасының Ішкі
Қайырбек Шошанұлы істер министрі - штаб жетекшісінің
орынбасары
Мұхамеджанов Қазақстан Республикасының
Бауыржан Әлімұлы Әділет министрі
Кәкімжанов Қазақстан Республикасының
Зейнолла Халидоллаұлы Мемлекеттік кіріс министрі
Сәрсенбаев Мәдениет, ақпарат және қоғамдық
Алтынбек Сәрсенбайұлы келісім министрі
Оқығандар:
Қасымбеков Б.А.
Икебаева Ә.Ж.