Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 наурыздағы N 3860 өкіміне өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Президентінің Өкімі 2000 жылғы 10 қаңтар N 113

Қолданыстағы
      "Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын атап өтуге әзірлік

жөнінде" Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 6 наурыздағы 
N 3860  

N983860_

  өкіміне (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 жыл, N 8, 
47-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: 
     1, 2-тармақтардағы "1999 жылға" деген сөздер "2000 жылға" деген 
сөздермен ауыстырылсын;
     4-тармақтағы "1998 жылғы 15 наурызға дейін" деген сөздер "2000 жылғы 
15 қаңтарға дейін" деген сөздермен ауыстырылсын;
     қосымша жаңартылған редакцияда жазылсын (қоса беріліп отыр).
     
     Қазақстан Республикасының 
            Президенті 
     
                                               Қазақстан Республикасы 
                                               Президентінің 
                                               2000 жылғы 10 қаңтардағы 
                                               N 113 өкіміне 
                                               қосымша 
     
                                               Қазақстан Республикасы 
                                               Президентінің 
                                               1998 жылғы 6 наурыздағы 
                                               N 3860 өкіміне 
                                               қосымша 
     
           Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын әзірлеу 
              және өткізу жөніндегі республикалық мерекелік 
                           комиссияның құрамы 
     
     Тоқаев Қасымжомарт              - Қазақстан Республикасының 
     Кемелұлы                          Премьер-Министрі, комиссия 
                                       төрағасы 
     
     Сәрсенбаев Алтынбек             - Қазақстан Республикасының 
     Сәрсенбайұлы                      Мәдениет, ақпарат және 
                                       қоғамдық келісім министрі, 
                                       комиссия төрағасының 
                                       орынбасары 
     
     Сапарбаев Бердібек              - Оңтүстік Қазақстан 
     Машбекұлы                         облысының әкімі, комиссия 
                                       төрағасының орынбасары 
     
     Қасейінов Дүйсен                - Қазақстан Республикасының 
     Қорабайұлы                        Мәдениет, ақпарат және 
                                       қоғамдық келісім министрлігі 
                                       Мәдениет комитетінің 
                                       төрағасы, комиссияның 
                                       жауапты хатшысы 
     
                     Комиссия мүшелері: 
     
     Аманшаев Ермек                  - Қазақстан Республикасының 
     Әмірханұлы                        Премьер-Министрі Кеңсесінің 
                                       Аймақтық даму және әлеуметтік 
                                       сала бөлімі бастығының 
                                       орынбасары - әлеуметтік сала 
                                       секторының меңгерушісі 
     
     Әметұлы Өмірзақ                 - Түркістан қаласының әкімі 
     
     Байпақов Карл                   - Қазақстан Республикасының 
     Молдахметұлы                      Білім және ғылым министрлігі 
                                       А.Х.Марғұлан атындағы 
                                       археология институтының 
                                       директоры 
     
     Уәлиханов Шота                  - Қазақ Тарих және мәдениет 
     Ыдырысұлы                         ескерткіштерін қорғау қоғамы 
                                       Орталық Кеңесі 
                                       төралқасының төрағасы 
                                       (келісім бойынша) 
     
     Жұрынов Мұрат                   - Қожа Ахмет Иассауи атындағы 
     Жұрынұлы                          Халықаралық университетінің 
                                       президенті (Түркістан қаласы) 
     
     Қозыбаев Манаш                  - Қазақстан Республикасының 
     Қабашұлы                          Білім және ғылым министрлігі 
                                       Ш.Уәлиханов атындағы тарих және     
                                       этнология институтының 
                                       директоры 
     
     Көшербаев Қырымбек              - Қазақстан Республикасының 
     Елеуұлы                           Білім және ғылым министрі 
     
     Мергенов Еркін                  - Қазақстан Суретшілер одағы 
     Тілекұлы                          басқармасының төрағасы 
                                       (келісім бойынша) 
     
     Оразалин Нұрлан                 - Қазақстан Жазушылар одағы 
     Мырқасымұлы                       басқармасының бірінші 
                                       хатшысы (келісім бойынша) 
     
     Шоқпытов Андар                  - Қазақстан Республикасының 
     Мәулешұлы                         Премьер-Министрі Кеңсесінің 
                                       Аймақтық даму және 
                                       әлеуметтік сала бөлімінің 
                                       меңгерушісі 
     
     
    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.