"Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 ж. 25 шiлде N 2377

Қолданыстағы
      "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын U952376_ жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi 1996 жылғы 1 қаңтарға дейiн:
      республиканың мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi органдарының жүйесi туралы және мемлекеттiк мал дәрiгерлiк қадағалау туралы Ережелердi, тиiстi бюджет қаражаты есебiнен мемлекеттiк мал дәрiгерлiгi қызметi органдары жүргiзетiн iндетке қарсы, емдеу, лаборатория-диагностикалық, радиологиялық және басқа мал дәрiгерлiк-санитарлық шаралар тiзбесiн бекiтсiн;
      мемлекеттiк шекара арқылы малды, мал өнiмдерi мен шикiзатын алып өту кезiнде мал дәрiгерлiк-санитарлық қадағалауды жүзеге асыру, жеке кәсiпкерлiк қызметпен шұғылдану құқығына лицензия беру тәртiбiн белгiлесiн;
      меншiк иесiнен малды оқшаулауға немесе оның пайдалануынан мал шаруашылығы өнiмдерiн алып қоюға жол беретiн мал ауруларының тiзбесiн бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен сәйкестендiру туралы ұсыныс енгiзсiн;
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығымен сәйкестендiрсiн;
      Республика министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерi мен ведомстволарының "Мал дәрiгерлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң заң күшi бар Жарлығына қайшы келетiн нормативтiк актiлерiнiң қайта қаралуын және күшi жойылуын қамтамасыз етсiн.
             Қазақстан Республикасының
                 Президентi