"Бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2373 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы N 829 Жарлығымен

Күшін жойған

       Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.

      "Бағалы металдар мен асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттiк реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Қазақстан Республикасының Президентiне Қазақстан Республикасының заң актiлерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiру туралы ұсыныстар беретiн болсын;
      - Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн осы Жарлыққа сәйкес келтiрсiн;
      - Қазақстан Республикасы министрлiктерiнiң, ведомстволарының және мемлекеттiк комитеттерiнiң өздерiнiң осы Жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерiн қайта қарауын және күшiн жоюын қамтамасыз етсiн;
      - екi ай мерзiмде Асыл тастармен операциялар жасаудың ережесiн; үкiмет (бюджет) резервiне тапсырылатын құндылықтарды тапсырудың, берудiң, есептеудiң және өткiзудiң тәртiбiн; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен бiрлесiп Бастапқы саудаластық жүргiзудiң ережесiн әзiрлесiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi екi ай мерзiмде Банктердiң металл шоттарын жүргiзу ережесiн әзiрлейтiн болсын.

       Қазақстан Республикасының
      Президентi