"Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2248

Қолданыстағы
      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      1995 жылғы 1 маусымға дейiн Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiру туралы Қазақстан Республикасының

Президентiне ұсыныстар берсiн;
     1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң аталған Жарлығымен
сәйкестендiрсiн;
     1995 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасы
министрлiктерiнiң, мемлекеттiк комитеттерiнiң және ведомстволарының
Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы Жарлығына қайшы келетiн
өздерiнiң нормативтiк актiлерiн қайта қарауын және күшiн жоюын
қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi