Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Президентінің 2009.06.18 N 829 Жарлығымен.
"Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығын
Z952200_
жүзеге асыру мақсатында қаулы етемiн:
Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
Қазақстан Республикасының заң актiлерiн "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес келтiру туралы Қазақстан Республикасының Президентiне ұсыныс жасасын;
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар осы Жарлығына сәйкес келтiрсiн;
Қазақстан Республикасының орталық атқарушы өкiмет органдары мен облыстары әкiмдерiнiң, Алматы және Ленинск қалалары әкiмдерiнiң осы жарлыққа қайшы келетiн нормативтiк актiлерi мен нұсқауларын қайта қарау мен алып тастауды қамтамасыз етсiн.
лицензияланған кәсiпкерлiк қызметтi заңды тұлға құрмай-ақ (жеке кәсiпкерлiк) жүзеге асырушы азаматтарды қызметтiң тиiстi түрiн лицензиялайтын мемлекеттiк органдарда қайта тiркеу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
Қазақстан Республикасының
Президентi