Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi туралы

Қазақстан Республикасы Пезидентiнiң Қаулысы 1995 жылғы 29 наурыздағы N 2154

Қолданыстағы
      Республикада төлем тәртiбiн қалпына келтiру, акцияларының бақылау пакетi мемлекет қарамағындағы төлем қабiлетi жоқ мемлекеттiк және акционерлiк кәсiпорындардың қаржылық жағдайын нығайту мақсатында қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
      - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiн төрт жылдан аспайтын мерзiмге құрсын;
      - жыл сайын бюджеттердiң жобаларында Қазақстан Республикасының

мемлекеттiк Медетшi банкiнiң жарғылық қорын қалыптастыру  мен
толықтыруға қаражат көзделсiн;
     - Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнiң
аппаратын орналастыру үшiн Алматы қаласынан үй-жай бөлсiн және
осы қаулыдан туындайтын өзге де қажеттi шараларды жүзеге асыратын
болсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     Қазақстан Республикасының
          Президентi