Халықаралық "Интеграция" қоры туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 15 қазан 1994 ж. N 1934. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677
Күшін жойған1. Халықаралық "Интеграция" қорын (бұдан әрi Қор) құру мен оның жарғылық мақсаты мақұлдансын.
2. Қорға ТМД елдерiмен және әлемдiк қауымдастықтың басқа да елдерiмен әлеуметтiк-экономикалық және қоғамдық-саяси салаларда ынтымақтасудың үкiмет бағдарламаларын әзiрлеу мәселелерiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң өкiлi құқығы берiлсiн.
3. Министрлер Кабинетi, министрлiктер, ведомстволар, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерi Қордың және оның жергiлiктi жерлердегi құрылымдарының қалыптасу мен дамуына жан-жақты жәрдем мен көмек көрсететiн болсын.
Қазақстан Республикасының
Президентi