Қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң мүшесi Антының мәтiнi (1 қосымша), Қазақстан Республикасы Үкiметi мүшелерiнiң Ант беру рәсiмi (2 қосымша) бекiтiлсiн.
2. Үкiмет мүшесiнiң Антты бұзуы оны атқарып отырған қызметiнен босатуға әкеп соқтырады деп белгiленсiн.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметi мүшелерiнiң Ант беруi жөнiндегi жұмысты ұйымдастыруға бақылау жасау Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Басшысына жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
___________________________
(аты-жөнi, тегi)
___________________________
қызметiне кiрiседi
Қазақстан Республикасы Үкiметi мүшесiнiң Анты
Қазақстан Республикасының халқы мен Президентi алдында өз Отаным - Қазақстан Республикасын экономикалық және рухани дамыту iсiне барлық күш-жiгерiм мен бiлiмiмдi жұмсауға, мемлекеттiң Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, өзiмнiң барлық iс-әрекетiмде заңдылық пен әдiлеттiлiк, азаматтық және ұлтаралық татулық принциптерiнен айнымауға, Қазақстан халқына адал қызмет етуге, әлемдiк қоғамдастықта өз елiмнiң мемлекеттiгi мен беделiн нығайта беруге салтанатты түрде ант беремiн. Ант етемiн.
_____________________
(тiкелей өз қолы)
_______________ (датасы)
Қазақстан Республикасы Үкiметi мүшесiнiң Ант
беру рәсiмi
Ант берудiң салтанатты рәсiмi Президент Резиденциясының қабылдау залында өткiзiледi.
Ант беретiн Үкiмет мүшесiн залдан Президент Аппаратының Басшысы немесе Президенттiң Хаттама қызметiнiң Басшысы шақырып алады, ол Конституция жатқан арнаулы стөлшеге немесе мiнберге таяп келедi де оны сол қолымен басып тұрып, Президентке қарап Анттың мәтiнiн айтып немесе оқып бередi, содан кейiн Ант Парағына қолын қойып, оны Президентке өткiзедi.
Президентпен бiрге, бiрақ екiншi шепте Вице-президент, Жоғарғы Кеңес Төрағасы, Премьер-министр, Президент Аппаратының Басшысы тұрады. Шақырылған басқа адамдар залда отырады.
Ант мәтiнi жақсы ресiмделiп қазақ және орыс тiлдерiнде басылады, Ант берушiнiң қалауы бойынша қазақ немесе орыс тiлiнде оқылады.
Мiндеттi атрибуттары - Қазақстан Республикасының Елтаңбасы мен Жалауы.
Рәсiм соңында Президент қысқаша сөз сөйлейдi.