Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi салық милициясының қызметкерлерiне еңбекақы төлеу шарттары мен жеңiлдiктер туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 16 маусым N 1750. Күшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2001.09.04. N 677 Жарлығымен. ~U010677

Күшін жойған
      Жауап алу органының мiндеттерi берiлген салық милициясының құрылуына байланысты және "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi туралы" 1993 жылғы 31 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының (Күшi жойылған - U952367_ ) /Қазақстан

Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., N 7, 139-бап/ 
10-бабына сәйкес қаулы етемiн:
     Iшкi iстер органдарының қызметкерлерiне арналып көзделген
еңбекке ақы төлеу шарттары мен жеңiлдiктер Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлiгiнiң салық қызметi салық милициясының қызметкерлерiне
қолданылсын.

     Қазақстан Республикасының
             Президентi