Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау және дамыту және дамыту жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы" 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 1655
Жарлығына
сәйкес қаулы етемiн:
1. Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасы бекiтiлсiн /қоса берiлiп отыр/.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi:
- Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын орындау жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайтын болсын;
- екi апта мерзiмде Бағдарламаны жүзеге асырудың тапсырмалары мен iс-шараларының жоспарын әзiрлеп бекiтсiн;
- жыл сайын қажет болған жағдайда Бағдарламаны жүзеге асырудың тапсырмалары мен iс-шараларына дәлдеу енгiзiп отырсын.
3. Облыстардың Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi Қазақстан Республикасында Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасын iске асырудың республика аймақтарының өркендеуiнiң ерекшелiктерi мен өзгешелiктерiн бейнелейтiн нақтылы шараларын белгiлесiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетiнiң
1994 жылғы 10 маусымдағы
N 1727 қаулысымен
бекiтiлген
Қазақстан Республикасында
Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау мен дамытудың
1994-1996 жылдарға арналған
БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы қаласы, 1994 жыл
Қазақстан Республикасында кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың 1992-1994 жылдарға арналған Мемлекеттiк бағдарламасы кәсiпкерлiктiң қалыптасуы мен дамуына негiз қалады.
Сонымен қатар кәсiпкерлiктiң, ең алдымен, жеке кәсiпкерлiктiң дамуына толымды да тұрлаулы заңдардың, соған сай салық саясатының жоқтығынан, инвестиция мен кредит, өндiрiстiк ғимараттар, шикiзат ресурстарын, ақпарат және басқаларын алудағы қиыншылықтардан, яғни кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың дәйектi тетiгiнiң болмауынан тежелiп келедi.
Мұнымен бiрге өндiрiстiң едәуiр дәрежеде құлдырауымен, жекешелендiру процесiнiң жеделдеуiмен, бiрқатар кәсiпорындардың банкротқа ұшырауымен, беймәлiм жұмыссыздықпен сипатталатын экономикада қалыптасқан қазiргi ахуал мемлекеттен кәсiпкерлерге қажеттi жағдайлар туғызу жолындағы iс-қимылды жандандыра түсудi, жеке кәсiпкерлiктi қолдау жөнiнде нақтылы кешендi шаралар қолдануды талап етедi.
Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың ұсынылып отырған Бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi мемлекеттiк комиссиясы туралы" 1994 жылғы 13 сәуiрдегi N 1655 Жарлығына сәйкес әзiрленген және республикадағы экономикалық реформалардың берiк әлеуметтiк базасы жасалуын қамтамасыз ете отырып, сол арқылы кәсiпкерлер топтарын белсене жасақтауға қажеттi жағдайлар туғызуға бағытталған.
Бағдарламаның мақсаты мен мiндеттерi
Бағдарламаның басты мақсаты экономикалық қуатты жеке секторын, жеке кәсiпкерлiктiң /әсiресе шағын кәсiпкерлiктiң/ жетiк инфрақұрылымын қалыптастыруға қолайлы құқықтық, әлеуметтiк-экономикалық, қаржы және ұйымдық жағдайлар жасау болып табылады. Республика экономикасында шынайы бәсеке ортасының пайда болуы жеке кәсiпкерлiктiң кемiнде 150 мың субъектiсiн жасақтауды талап етедi.
Басты мақсатқа жету үшiн:
- жеке меншiкке қол сұғылмауын және оның қорғалуын қамтамасыз ететiн, әрi тауар өндiрушiлердi ынталандырып отыратын кәсiпкерлiктiң тұрақты заң базасын жасау;
- жеке сектордың мемлекеттiң кредит ресурстарын /оның iшiнде валюта ресурстарын/, пайдаланылмай жатқан өндiрiстiк ғимараттарды, жабдықтарды және басқаларын алуын қамтамасыз ететiн тетiктер жасау;
- нарықтық инфрақұрылымның тиiмдi институттарын құрып, дамыту;
- сыртқы-экономикалық қызметке қолдау көрсетiлуiн қамтамасыз ету және кәсiпкерлiктi дамытуға шетел /жекелерiн қоса/ инвестицияларын тартуға қолайлы жағдайлар туғызу;
- мемлекеттiк және мемлекеттiк емес оқу мекемелерiнiң қатысуымен кәсiпкер кадрларды даярлау мен қайта даярлау және жұмыссыздарын қайта мамандандыру жүйесiн құру;
- кәсiпкерлiктi қолдайтын мемлекеттiк органдарды жетiлдiре беру мүмкiндiктерiн шешу көзделедi.
Осы мiндеттердi шешу 1996 жылдың аяғына таман жеке кәсiпкерлердiң "шектi мөлшерiн" жасақтауға және олардың ауыл шаруашылығы өнiмдерiн шығарудың кемiнде 70 процентiн өнеркәсiп өндiрiсiнiң 40 процентiн, қызмет көрсету мен сауда тауар айналымы көлемiнiң 90 процентiн қамтамасыз етуiне жеткiзуге тиiс.
Жеке кәсiпкерлiктi дамытуда Бағдарлама қызметтiң басым бағыттары ретiнде:
а/ ауыл шаруашылығында:
- ауыл шаруашылығы өнiмдерiн өндiру, ұқсату мен сақтау, оның iшiнде әсiресе селода өнеркәсiп инфрақұрылымын жасай отырып, ұқсату өндiрiсi желiсiн дамыту;
- жаңа технологиялар негiзiнде өндiрiстiң дәстүрлi түрлерiн ескере отырып, фермер шаруашылығын құру мен дамыту;
ә/ азық-түлiк, өнеркәсiп тауарларын, халық тұтынатын тауарларды, дәрi-дәрмек препараттары мен медицина техникасын өндiру;
б/ экспортқа шығаруға бағдарланған, импортты алмастыратын әрi бәсекеге жарамды өнiмдер өндiру;
в/ инновациялық қызметте:
- ғылыми қамтымды өндiрiс ұйымдастыру мен дамыту;
- шағын инновациялық кәсiпорындар, аймақтық инновация мен технологиялық көмек орталықтарын, инновациялық бизнес-орталықтарын құру;
- бизнес-орталықтарын, бiлiм беру орталықтарын, зерттеу мен технология парктерiн құру;
- ресурстар сақтайтын технологияны, қайталама шикiзат пен қалдықтарды пайдаланатын технологияларды енгiзу;
г/ көлiктi, байланысты, құрылысты, құрылыс материалдары өндiрiсiн дамыту;
д/ өндiрiстiк коммуналдық және тұрмыстық қызмет көрсету бағыттарын белгiлейдi.
Жергiлiктi әкiмдер аймақтың ерекшелiгi мен ресурстарын ескере отырып, кәсiпкерлiктiң басқа да басым бағыттарын аймақтық деңгейде анықтай алады.
1 бөлiм. Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамытудың
заңдық-нормативтi базасы
Бағдарлама:
- азаматтық, азаматтық iс жүргiзу және басқа кодекстердi нақтылау жолымен Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген Заңдарына жеке меншiкке қол сұқпауды және оның қорғалуын, кәсiпкерлiктiң еркiндiгiн қамтамасыз ететiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi:
- кәсiпкерлiк құрылымдар мен халықаралық сарапшылардың қатысуымен 1996 жылға дейiн халықаралық стандартқа сай келетiн тұрлаулы заңдар түзу мақсатында кәсiпкерлiктi дамыту жөнiндегi жаңа заңдардың Қазақстан Республикасы Президентi актiлерiнiң жобаларын әзiрлеудi;
- жерге жеке меншiктiң құқықтық негiздерiн жасау туралы ұсыныстар әзiрлеудi және жеке меншiкке қол сұғуға болмайтынын пайымдайтын қоғамдық пiкiр даярлауды;
- Қазақстан Республикасының жеке кәсiпкерлiктi қорғау мен қолдауды қамтамасыз ететiн халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларға қосылуы жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi көздейдi.
2-бөлiм. Кәсiпкерлiктi қаржымен және өндiрiстiк-
технологиялық жағынан қолдауды қамтамасыз ету
Бағдарламада:
- Қазақстан Республикасының Салық Кодексiнiң жобасына салық жүйесiн оңайлатуды, кәсiпкерлердiң инвестициялық белсендiлiгiн ынталандыруды көздейтiн ұсыныстар дайындау;
- жеке кәсiпкерлiктi дамытуға жұмсау үшiн отандық және шетелдiк кредит ресурстарында квоталар анықтау;
Бұл ретте техникалық көмек шеңберiнде халықаралық сарапшылардың қатысуымен Бағдарламаның басым бағыттары бойынша жобаларды алдын ала жан-жақты сараптаудан өткiзу жүйесiн ұйымдастыру және кредит ресурстарын бөлу кезiнде жариялылықты қамтамасыз ету қажет;
- iшкi мемлекеттiк қорламаны, шетелдiк мемлекеттiк және жеке кредит желiлерiн, тiкелей инвестицияларды қоса кәсiпкерлiктi орта және ұзақ мерзiм iшiнде қаржыландырудың ықтимал көздерiне нақтылы бөле отырып, оның дамуын қамтамасыз етуге қажеттi инвестициялар көлемiн анықтау;
- ақша қаражатын коммерциялық банктерге қарағанда неғұрлым пайдалы шарттармен берудi қамтамасыз ететiн мамандандырылған мемлекеттiк қаржы институттарын жетiлдiре беру;
- кредиттер үшiн, оның iшiнде жеке шетел инвестицияларын тарту кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң қызметiн сақтандыру үшiн кепiлдiк беру жүйесiн қалыптастыру жолымен кәсiпкерлiктi қаржылай қолдау жүйесiн жетiлдiру көзделедi.
Жеке кәсiпкерлiктi өндiрiстiк-технологиялық жағынан қолдауды жүзеге асыру үшiн:
- бос өндiрiстiк ғимараттардың, пайдаланылмай жатқан жабдықтардың және басқаларының жалпы санының кемiнде 10 процентiн, соңынан оларды сатып алатындай мүмкiндiк беру арқылы мүлiктiк жалға беру;
- қорғаныс өнеркәсiбiн конверсиялау шеңберiнде шағын кәсiпорындарға арналған технологиялық жабдықтар өндiрiсiн жолға қою;
- шағын кәсiпорындарды осы заманғы технологиямен және жабдықтармен орталықтандырып қамтамасыз ету үшiн лизинг компанияларының желiсiн ұйымдастырып жәрдемдесу;
- шағын тиiмдiлiгi жоғары технологияларға қатысты лицензияларды, "ноу-хау" сатуды ұйымдастырудың ұтымды нысандарын пысықтау;
- әрбiр жеке бөлшек шығаруға дейiн технологиялық жағынан мамандандыруды дамыту, өндiрiстi бүгiнгi талаптар деңгейiнде ұйымдастыру мақсатында құраушы бұйымдарды өндiрушiлер мен жеткiзiп берушiлер ретiнде шағын кәсiпорындарды iрi кәсiпорындармен кооперациялауды ұйымдастыру қажет.
3-бөлiм. Нарықтық және әлеуметтiк инфрақұрылым
институттарын дамыту
Жеке кәсiпкерлiктi институционалдық қамтамасыз ету нарықтық инфрақұрылымның шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң барша құрамына қызмет етудi қолына алуға тиiс, әрi өндiрiс өнiмiнiң өтуiне, кәсiпорындар жұмысының тиiмдiлiгiн арттырып, шаруашылық тәуекелiн кемiтетiн шикiзат пен технологиялар алуға жәрдемдесетiн элементтерiн қалыптастырып, дамыта берудi көздейдi.
Осы мақсатта Бағдарлама:
- жеке кәсiпкерлiкке банктiк қызмет көрсетудi жетiлдiре беру жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi;
- кәсiпкерлердiң шикiзат пен материалдық-техникалық ресурстар алу мүмкiндiгiн барынша ұлғайтуға бағытталған биржа қызметiн кеңейту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi;
- жеке сақтандыру, заң маркетинг, инвестиция, бухгалтерлiк, консалтинг және басқа мамандандырылған фирмалар мен компаниялардың қалыптасуы мен дамуын қолдап отыруды, бұл ретте жеке бизнестiң қалыптасуына жәрдемдесетiн көмекшi қызмет жүйелерiн құру үшiн шетел мамандарын тартуды көздейдi.
шағын бизнес орталықтары нарықтық инфрақұрылымның маңызды элементi болуға тиiс, олар бизнес-орталықтар, технопарктер ретiнде жұмыс iстей алады. 1994 жылы республиканың әртүрлi аймақтарының ерекшелiктерi ескерiлiп, шағын бизнес орталықтары қызметiнiң тетiгi пысықталуға тиiс. Бұл орталықтар Бағдарламаны жүзеге асыру және кәсiпкерлiк құрылымдар мен мемлекеттiк басқару органдарының iс-қимыл бiрлiгiн қамтамасыз ету тетiгiнiң негiзгi элементi болуы керек.
4-бөлiм. Сыртқы экономикалық қызметтi мемлекеттiк қолдау
Кәсiпкерлiктi қолдау саласындағы мемлекеттiк саясат салық пен кедендiк реттеудi жетiлдiру мен тұрақтандыруға, шетел инвесторларына қолайлы жағдай туғызуға, шет елдiк техникалық көмектi пайдалануды ретке келтiруге және сыртқы экономикалық қызмет субъектiлерiнiң бәрiне бiрдей тең жағдай жасауға бағытталуға тиiс.
Осы мақсатта:
- кәсiпкерлердiң шетелдiк әрiптестерiмен iскерлiк байланыс орнатуына және бiрлесiп бизнес ұйымдастыруына жәрдемдесу;
- шет ел кредит желiлерiнде шағын және орта бизнестi дамытудың басым бағыттары бойынша жобаларды инвестициялауға арналған квоталар көздеу;
- инвестициялар тартуды ынталандыратын арнаулы бағдарламалар әзiрлеу ұсынылады.
5-бөлiм. Кәсiпкерлiк құрылымдар үшiн кадрлар
даярлау мен қайта даярлау
Бағдарлама:
- оқытушы кадрлар даярлау мен қайта даярлау үшiн;
- кәсiпкерлiк құрылымдарда жұмыс iстейтiн кадрлар даярлау
мен қайта даярлау үшiн;
- оқу және ғылыми орталықтарында, компанияларда, оның iшiнде шет ел компанияларында оқу мен тағылымдама алу үшiн сынақтан өткiзу және конкурстық iрiктеу жүйесiн әзiрлеу үшiн оқу-консультация орталықтарының желiсiн ұйымдастыруды және мемлекеттiк емес бiлiм беру мекемелерiнiң материалдық-техникалық базасын нығайтуды көздейдi.
Халықаралық техникалық көмек шеңберiнде жеке кәсiпкерлердi шет елдерде оқыту квоталарын анықтау қажет.
6-бөлiм. Кәсiпкерлiктi ақпараттық және ғылыми-әдiстемелiк
қамтамасыз ету
Кәсiпкерлiктi ақпараттық және ғылыми-методикалық қамтамасыз ету үшiн Бағдарламада:
- ақпараттық орталықтардың кең желiсiн жасау арқылы ұйымдастырушы-өкiмшi, нормативтiк, статистикалық, ғылыми-әдiстемелiк, конъюнктуралық кiшi жүйелiлердi қамтитын ақпараттық қамтамасыз ету және қызмет көрсетудiң орталықтандырылған жүйесiн қалыптастыру;
- көрсеткiштердiң оңтайлатылған схемасы бойынша есеп беретiн жеке кәсiпкерлiк субъектiлерiнiң бәрiнiң статистикалық жағынан толық қамтылуын қамтамасыз ету және жеке кәсiпкерлiктiң түрлерi, экономика құрылымындағы орны, мемлекеттiк қолдауды пайдалануының тиiмдiлiгi жөнiнен статистикалық талдау жасауын жүзеге асыру;
- оқу құралдарын, оның iшiнде шет елдiң бейiмделген оқу-әдiстемелiк материалдарын әзiрлеп, бастырып шығару;
- кәсiпкерлердiң шаруашылық-қаржы қызметiн реттейтiн қолданылып жүрген заңдар және нормативтiк актiлердiң пакетiн бiр орталықтан бастырып шығаруды жүзеге асыру көзделедi.
7-бөлiм. Кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдау
жүйесiн жетiлдiру
Жеке кәсiпкерлiктi мемлекеттiк қолдаудың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында бағдарлама кәсiпкерлiктi қорғау және қолдау үшiн мемлекеттiк басқару органдарының құрылымын жетiлдiре беру, олардың мемлекеттiк емес кәсiпкерлiк одақтармен, бiрлестiктермен өзара iс-қимыл бiрлiгiн жақсарту жөнiнде ұсыныстар әзiрлеудi көздейдi. Мүдделi тараптардың /Үкiмет, кәсiподақтар, кәсiпкерлер/ қатысуымен Әлеуметтiк-экономикалық кеңес құру белгiленiп отыр.
Бағдарламаның белгiленген қағидаларын ойдағыдай жүзеге асыру үшiн, Кәсiпкерлiктi қолдау мен дамыту жөнiндегi Мемлекеттiк комиссия әртүрлi мемлекеттiк және мемлекеттiк емес құрылымдармен бiрлескен тығыз iс-қимыл жасайды.