Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының мәселелерi

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 20 мамыр N 1706. Kүшi жойылды - Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995.10.20. N 2565 Жарлығымен. ~U952565

Күшін жойған
      Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi Аппаратының қайта құрылуына байланысты қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн. Президенттiң, Қауiпсiздiк кеңесiнiң, Мемлекеттiк саясат жөнiндегi Ұлттық кеңестiң, адам құқығы жөнiндегi комиссияның және Экономикалық консультанттар кеңесiнiң аппараттарының басшы және жауапты қызметкерлерiнiң саны 240 адам, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппаратынiкi - 177 адам болып белгiленсiн. <*>
      ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 1995.04.10. N 2189
               Жарлығымен. U952189_
      2. <*>
      ЕСКЕРТУ. 2-тармақ күшiн жойды - ҚР Президентiнiң 1995.04.10. N 2189
               Жарлығымен. U952189_

      3. Былай деп белгiленсiн:
      Аппарат басшысы мен оның орынбасарларын, Президенттiң көмекшiлерi мен кеңесшiлерiн, Президенттiң Жоғарғы Кеңестегi жеке өкiлдерiн, Қауiпсiздiк кеңесi төрағасының орынбасарын, Президенттiң жанындағы Экономикалық консультанттар кеңесiнiң басшысын, Аппараттың құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшыларын Қазақстан Республикасының Президентi қызметке тағайындап, қызметтен босатады. <*>
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерiс енгiзiлген - ҚР Президентiнiң
               07.02.1995 ж. N 2038 Қаулысымен.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақ өзгердi - ҚР Президентiнiң 1995.04.10. N 2189
               Жарлығымен. U952189_

      Аппараттың басқа жауапты қызметкерлерiн Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Басшысы қызметке тағайындап, қызметтен босатады.
      4. Техникалық қызметкерлердiң санын, олардың лауазымдық жалақыларын және еңбегiне ақы төлеудiң өзге шарттарын жылдық еңбекақы қорының шегiнде Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Басшысы бекiтедi.
      5. Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Басшысына келiсiм бойынша Аппараттың құрылымы мен штатына өзгерiстер енгiзуге рұқсат етiлсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Басшысы бiр ай мерзiмде Қазақстан Республикасы Президентiнiң Аппараты туралы ереже әзiрлеп, бекiтуге енгiзсiн.
      7. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
      Қазақ ССР Президентiнiң "Қазақ ССР Президентi мен Қазақ ССР Министрлер Кабинетi Аппаратының мәселелерi" туралы 1991 жылғы 13 тамыздағы N 398 қаулысы.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасы Президентi мен Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi Аппаратының мәселелерi" туралы 1992 жылғы 30 қаңтардағы N 590 қаулысы;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының құрылымын iшiнара өзгерту туралы" 1992 жылғы 20 тамыздағы N 866 қаулысы;
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының

Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының құрылымын iшiнара
өзгерту туралы" 1992 жылғы 1 қарашадағы N 962 қаулысы;
     Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасының
Президентi мен Министрлер Кабинетi Аппаратының құрылымын iшiнара
өзгерту туралы" 1993 жылғы 21 маусымдағы N 1249 қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
           Президентi
     Алматы. 1994 жылғы 20 мамыр
             N 1706

                                      Қазақстан Республикасы
                                      Президентiнiң
                                      1994 жылғы 20 мамырдағы
                                      N 1706 қаулысына
                                             қосымша

             Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының
                             ҚҰРЫЛЫМЫ 
     Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының
     Басшысы                                                       1
     Аппарат Басшысының орынбасарлары                              2
     Қазақстан Республикасы Президентiнiң хатшылығы, 
     көмекшiлер мен кеңесшiлер тобы                               19
     Президенттiң Жоғарғы Кеңестегi өкiлдерiнiң тобы               6
     Президенттiң Баспасөз қызметi                                17
     Президенттiң аймақтардағы өкiлдерiнiң тобы                   12
     Ақпараттық талдау орталығы                                   22
     Халықаралық бөлiм /хаттама қызметiмен қоса/                  15
     Заң шығару бастамашылығы және құқықтық сараптама бөлiмi      15
     Азаматтық және кешiрiм жасау жөнiндегi бөлiм                  7
     Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi бөлiм                        7
     Iс Басқармасы                                                12
     Кадр саясаты бөлiмi                                          10
     Жалпы бөлiм                                                  26
     Қазақстан Республикасы Вице-Президентiнiң хатшылығы           6
    
         Президенттiң Аппараты бойынша БАРЛЫҒЫ:                   177
     Оған қоса:
     Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк кеңесiнiң аппараты        15
     Мемлекеттiк саясат жөнiндегi Ұлттық кеңестiң аппараты         7
     Адам құқығы жөнiндегi комиссияның аппараты                    5
     Ұйымдастыру-бақылау басқармасы
<*>
                            25
     Экономикалық консультанттар кеңесi                           11
     Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия                     -       
     Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия                   -
     Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия                       -
     Қазақстан Республикасы Президентi мен Министрлер
     Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы 
     /дербес бюджетте болады/                                      -
     Ескерту. Қосымшасынан сөздер алмастырылған - ҚР
              Президентiнiң 07.02.1995 ж. N 2038 қаулысына
              сәйкес.  
                                                          ______________
                                                                63
                                                  БАРЛЫҒЫ:     240

                                        Қазақстан Республикасы
                                        Президентiнiң
                                        1994 жылғы 20 мамырдағы
                                        N 1706 қаулысына
                                               қосымша 
     
               Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының
                             ҚҰРЫЛЫМЫ 
     
     Қазақстан Республикасы Президентi Аппаратының Басшысы
     Аппарат Басшысының орынбасарлары
     Қазақстан Республикасы Президентiнiң хатшылығы,
     көмекшiлерi мен кеңесшiлерi тобы
     Президенттiң Жоғарғы Кеңестегi өкiлдерiнiң тобы
     Президенттiң Баспасөз қызметi
     Президенттiң аймақтардағы өкiлдерiнiң тобы
     Ақпараттық талдау орталығы
     Халықаралық бөлiм /хаттама қызметiмен қоса/
     Заң шығару бастамашылығы және құқықтық сараптама бөлiмi
     
<*>

     Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi бөлiм
     Қаржы-шаруашылық бөлiмi
     Кадр саясаты бөлiмi
     Жалпы бөлiм
     Қазақстан Республикасы Вице-Президентiнiң хатшылығы
     Оған қоса:
     Қазақстан Республикасы Қауiпсiздiк кеңесiнiң Аппараты
     Мемлекеттiк саясат жөнiндегi Ұлттық кеңестiң Аппараты
     Адам құқығы жөнiндегi комиссияның аппараты
     Бас бақылау инспекциясы
     Экономикалық консультанттар кеңесi
     Мемлекеттiк наградалар жөнiндегi комиссия
     Кешiрiм жасау мәселелерi жөнiндегi комиссия
     Азаматтық мәселелерi жөнiндегi комиссия
     Қазақстан Республикасы Президентi мен министрлер
     Кабинетi Аппаратының Шаруашылық басқармасы
     /дербес бюджетте болады/
     Кешiрiм жасау бөлiмi 
<*>

     Азаматтық бөлiмi 
<*>

     Ескерту. Қосымшаға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген -
              ҚР Президентiнiң 1995.03.14. N 2095 Қаулысымен.