"ЕВРАЗИЯ-ПРЕСС" республикалық редакция-баспа корпорациясын құру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 18 мамыр N 1703. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Мемлекеттiк басқару органдары құрған бұқаралық ақпарат баспа құралдарының құрылымын жетiлдiру, олардың нарыққа көшу жағдайында ойдағыдай жұмыс iстеу үлгiсiн пысықтау, Қазақстан және одан тысқары жерлерде болып жатқан жаңа қоғамдық-саяси және экономикалық процестердi неғұрлым жүйелi әрi толығырақ жазып көрсету, бiрыңғай евразиялық ақпарат кеңiстiгiн қалыптастыру мақсатында қаулы етемiн: 
      1. "Азия", "Казахстанская правда" газеттерi, "Азия-пресс" ақпарат агенттiгi, сондай-ақ ерiктiлiк негiзiнде оған кiретiн кәсiпорындар мен ұйымдар құрамында "Евразия-пресс" республикалық редакция-баспа корпорациясы құрылсын. 
      2. "Евразия-пресс" республикалық корпорациясының басшысын Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайды және босатады деп белгiленсiн. 
      3. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi: 
      - екi айлық мерзiмде "Евразия-пресс" республикалық редакция-баспа корпорациясы туралы" ереженi бекiтсiн; 
      - корпорацияның материалдық-техникалық базасын нығайту жөнiнде шаралар қолданып, корпорацияға кiретiн газеттердiң ағымдағы қызметiн бюджеттен қаржыландыру көлемiн қайта қарайтын болсын. 
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi: 
      - қазiргi уақытта "Азия" және "Казахстанская правда" газеттерiнiң пайдалануындағы мемлекеттiк мүлiктi иелену, пайдалану және басқару құқығын мемлекет атынан жарна ретiнде корпорацияға беретiн болсын; 
      - екi айлық мерзiм iшiнде "Евразия-пресс" республикалық 
корпорациясының құрылтай құжаттарының пакетiн бекiтсiн.
      5. Орталық мемлекеттiк басқару органдары, облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi корпорациясының қызметiне байланысты мәселелердi жедел шешiп отыруға жәрдем көрсететiн болсын. 
 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi

      Алматы. 1994 жылғы 18 мамыр
            N 1703