Қазақстан Менеджмент, Экономика және Болжамдау Институтының (ҚМЭБИ) қызметiн жетiлдiру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 20 наурыз N 1605

Қолданыстағы
      ҚМЭБИ-дiң қызметiн жетiлдiру, оқытудың тиiмдi шетелдiк әдiстемесiн енгiзу, ғылыми-зерттеу қызметi мен халықаралық академиялық ынтымақтастығын дамыту мақсатында қаулы етемiн:
      1. Байқаушылар Кеңесi ғылым, саясат, өнеркәсiп пен қаржы салаларының беделi биiк өкiлдерiнен тұратын Қамқоршылар Кеңесi болып қайта аталсын. Қамқоршылар Кеңесiнiң құрамына шет мемлекеттердiң азаматтарының да тағайындалуы мүмкiн. <*>

      Қамқоршылар Кеңесi:
      институттың Жарғысын бекiтедi және оған өзгерiстер енгiзедi;
      институттың академиялық бағдарламалары мен жобаларын бекiтедi;
      институттың қаржы-шаруашылық қызметiне тексеру мен бақылауды жүзеге асырады;
      академиялық және әкiмшiлiк тағайындауларды бекiтедi;
      басқару құрылымын белгiлейдi және оған өзгерiстер енгiзедi;
      институт Жарғысында белгiленген мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру жөнiнде шаралар қолданады деп белгiленсiн.
      Ескерту. 1-тармақтан сөздер алынып тасталған - ҚР Президентiнiң
               1996.05.23. N 2998 жарлығымен. U962998_
      Ескерту. 1-тармақтан сөздер мен Кеңес құрамы алынып тасталды -
               ҚР Президентiнiң 1996.06.19. N 3041 жарлығымен.
      2. Атқарушы Директор лауазымы бойынша Қамқоршылар Кеңесiнiң мүшесi болып табылады және өз қызметiнде оған есеп берiп отырады.
      Атқарушы Директор:
      - институт Жарғысы қағидаларының орындалуын қамтамасыз етедi;
      - институтқа жалпы басшылықты жүзеге асырады және оның iшiнде шетелдiң профессор-оқытушы құрамын қатыстыра отырып, ғылыми-зерттеу қызметiне тiкелей басшылық етедi;
      - Ғылыми Кеңеспен бiрлесiп, әлемнiң озық мектептерiнiң принциптерiне негiзделген академиялық процестi ұйымдастырады;
      - жыл сайын есеп берiп отырады, сондай-ақ Қамқоршылар Кеңесiнiң талап етуiмен кез-келген ақпаратты бередi;
      - академиялық және әкiмшiлiк этика нормаларын iске асырады;
      - институт мүлкiнiң сақталуын қамтамасыз етедi;
      - профессор-оқытушы құрамын қызметке қабылдау мен босатуды жүзеге асырады және мұны Қамқоршылар Кеңесiнiң бекiтуiне енгiзедi;
      - Қазақстан Республикасының мүддесi үшiн институтқа басшылықты жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      Атқарушы Директор институт жұмысының тиiмдiлiгi үшiн Қамқоршылар Кеңесiнiң алдында жауап бередi.
      3. 1994-1996 жылдар iшiнде шет елдiң танымал ғылым мен бiлiм қайраткерлерiнiң iшiнен Атқарушы Директордың қызмет орнына конкурс жариялансын.
      4. Магистр ғылым дәрежесi бар мамандар даярлау мақсатында мынадай бөлiмдер құрылсын:
      Мемлекеттiк басқару бөлiмшесi
      Iскерлiк басқару бөлiмшесi
      Экономика бөлiмшесi.
      Аталған бөлiмшелерде оқыту әлемнiң жетекшi мектептерiнiң бағдарламалары тәрiздес академиялық бағдарламалар негiзiнде жүзеге асырылсын. Бұл ретте ағылшын тiлiм меңгеру оқу процесiнiң бiр мақсаты ретiнде қаралсын.
      5. ҚМЭБИ-дiң құрамында Iскерлiк ақпарат, нарықты зерттеу және менеджменттi дамыту орталығын; Алматыда және жергiлiктi жерлерде ҚМЭБИ-дiң профессор-оқытушы құрамының күшiмен ұйымдастырылатын мемлекеттiк, шаруашылық органдардың, өнеркәсiп, қаржы ұйымдарының және жеке кәсiпорындардың басшыларына арналған Менеджмент бойынша қысқа мерзiмде курстар ұйымдастыру жөнiндегi жобалар мақұлдансын.
      6. 1994 жылғы 1 сәуiрге дейiн ҚМЭБИ-дiң құрамында шаруашылық негiзде Шетелдiк Тәржiме Агенттiгi (ШТА) құрылсын. ҚМЭБИ-дiң шет тiлдерi оқытушыларына осы аталған Агенттiкте шарттық негiзде қатар жұмыс iстеуге рұқсат етiлсiн. Шетелдердiң мамандандырылған ұйымдарының қатысуымен сертификаттаудан өткеннен кейiн ШТА-ға Министрлер Кабинетiмен, министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, ведомстволармен және басқа ұйымдармен шарт бойынша ресми тәржiмелердi жүзеге асыру құқығы берiлсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Байланыс министрлiгi 1994 жылғы 1 сәуiрге дейiн институтқа халықаралық ақпарат желiлерiмен факсимилелiк және компьютерлiк байланысты қамтамасыз ету мақсатында халықаралық байланыс арналарын беретiн болсын. Байланыс министрлiгi ҚМЭБИ-мен тиiстi есеп айырысуларды ұлттық валютамен жүргiзсiн.
      8. Институттың Ғылыми Кеңесi жыл сайын Қамқоршылар Кеңесiнiң

бекiтуiне ғылыми-зерттеу бағдарламаларының жоспарын ұсынып отыратын
болсын.
     9. Министрлер Кабинетi 1994 жылғы 1 сәуiрге дейiн институтқа
бюджет пен валюта қаражатын бөлуге, профессор-оқытушы құрамы
мен қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы, тыңдаушыларға стипендиялар
төлеудi ретке келтiруге, баспагерлiк қызмет құқығын беруге, көлiк
пен медициналық қызмет көрсетуге байланысты мәселелердi қарайтын
болсын.
     10. Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1992 жылғы 14 
қаңтардағы N 580 Қаулысының 2,3 тармақтарының күшi жойылған
деп танылсын.
     11. Осы Қаулы жарияланған күннен бастап күшiне енедi. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi