Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы Ережеге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1994 жылғы 23 ақпан N 1575

Қолданыстағы
      Азаматтардың инвестициялық жекешелендiру купондарын жинақтайтын инвестициялық жекешелендiру қорларының одан әрi дамуы мен қалыптасуы мақсатында қаулы етемiн:
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы" 1993 жылғы 23 маусымдағы 1290 Қаулысымен бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы Ережеге (ҮАҚЖ) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      3-тармақтың он бiрiншi абзацында: "жоғарыда аталған тұлғалар бақылау жасайтын басқа да заңды ұйымдар", "және бiрлестiк құрылтайшыларының әрқайсысының жарғылық капиталының 30 проценттен кемi" деген сөздер алып тасталсын;
      9-тармақта "кемiнде 50 миллион сом" деген сөздер "кемiнде екi миллион теңге" деген сөздермен ауыстырылсын;
      10-тармақ мазмұны мынадай абзацпен толықтырылсын:
      "Бiрiншi купон аукционы басталғанға дейiн инвестициялық жекешелендiру қоры құрылтайшылардың шешiмi бойынша құрылтай жарналарын инфляциядан сақтау мақсатында оларды бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға байланысты операцияларды жүргiзу үшiн коммерциялық мақсаттарға, банктерге депозиттерге салуға, сондай-ақ мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiнен өткен кәсiпорындарға қайтарымды негiзде қаржы көмегiн көрсету үшiн пайдалана алады. Залал шеккен жағдайда құрылтайшылар инвестициялық жекешелендiру қорының бастапқы капиталын толық көлемiнде қалпына келтiруге тиiс.";
      11-тармақ мазмұны мынадай абзацпен толықтырылсын:
      "Инвестициялық жекешелендiру қорының жарғылық капиталының мөлшерiн бiрiншi купон аукционы өткiзiлгенге дейiн өз акцияларын эмиссиялау жолымен құрылтайшылар мен басқа да инвесторлардың ақша қаражатын тарту арқылы ұлғайтуға болады.
      Қор инвесторлары болуға құқылы заңды ұйымдар мен нақты адамдардың, шектелетiн ұйымдардан, шетелдiк заңды ұйымдар мен нақты адамдардан басқаларының, құрамы шектеусiз.";
      22-тармақ мазмұны мынадай абзацтармен толықтырылсын:
      "Халықтың инвестициялық жекешелендiру купондарын жинақтау құқына лицензия алған инвестициялық жекешелендiру қорлары қызметiнiң шарты - қорларда компьютер және информатика техникасының болуы. Бiрыңғай бағдарламамен қамтамасыз ету және оларға техникалық талап Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы бекiтетiн Ережелермен белгiленедi.
      Инвестициялық жекешелендiру купондарын аудару мен орналастыруды бағдарламамен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi инвестициялық жекешелендiру қорлары Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы мен Қаржыминi бекiткен тарифтер бойынша шартты негiзде көрсетедi.";
      31-тармақтың бiрiншi абзацына "инвестициялық жекешелендiру

қорының акцияларына жазылу аяқталғаннан кейiн" деген сөздер
"инвестициялық жекешелендiру қоры бiрiншi купон аукционына 
қатысқаннан кейiн" деген сөздермен ауыстырылсын;
     55-тармақтың бiрiншi абзацына "Қазақстан Республикасының 
Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi" деген
сөздер "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру
қоры" деген сөздермен ауыстырылсын. 
     
     Қазақстан Республикасының
             Президентi