Шетелде кадрлар даярлау үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендияларын белгiлеу туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 5 қараша N 1394

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшiп, халықаралық байланыстар кеңейген жағдайда тиiстi бiлiмi бар кадрларға деген дiлгерлiк барынша өсе түстi, осыған орай даярлығы неғұрлым жоғары жастарды шет елдердiң маңдайалды оқу орындарына оқуға жiберу мейлiнше өзектi сипат алып отыр. 
      Осы қызметке қаржылық жағынан қамту жасау, кандидатураларды iрiктеудi жүзеге асыру және бiлiм саласында халықаралық байланыстарды үйлестiру мақсатында қаулы етемiн: 

      1. Дарынды жастарды АҚШ-тың, Ұлыбританияның, Францияның, Германияның және басқа елдердiң маңдайалды оқу орындарында оқыту үшiн Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Болашақ" халықаралық стипендиясы белгiленсiн. Стипендиялардың мөлшерi студенттердi шетелдердiң тиiстi оқу орындарында оқыту құнының деңгейiнде көзделсiн. 
      Қазақстан Республикасының Үкіметі 1994 жылдан бастап жыл сайын осы мақсатқа арнап қажеттi валюта қаражатын бөлетiн болсын. 
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470  Жарлығымен .
      2. <*>
       Ескерту. 2-тармақтың күшi жойылған - ҚР Президентiнiң 1997.03.03. N 3375  жарлығымен .

      3. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi Республикалық комиссия: 
      - Қазақстан студенттерiн оқытуға қабылдау туралы шетел оқу орындарымен қажеттi келiссөздер жүргiзсiн; 
      - жастарды шетел оқу орындарына түсудiң мерзiмдерi мен конкурстарды өткiзу шарттары туралы кеңiнен хабардар етсiн; 
      - жастарды конкурстық негiзде уақтылы әрi сапалы iрiктеудi, халықаралық талаптарға сәйкес қажеттi құжаттар әзiрлеудi ұйымдастырсын;
      - шетел оқу орындарына оқуға жiберiлген студенттермен контракттар жасасуды қамтамасыз етсiн.
       Ескерту. 3-тармақтан сөздер алынып тасталды - ҚР Президентiнiң 1997.03.03. N 3375  жарлығымен .

      4. Шетелде кадрлар даярлау жөнiндегi Республикалық комиссияның қызметiн қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгiне жүктелсiн.
       Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470  Жарлығымен , 2005.05.04. N 1569  Жарлығымен .
      5. <*>
       Ескерту. 5-тармақ күшін жойды - ҚР Президентінің 2000.10.12. N 470  Жарлығымен .

       Қазақстан Республикасының
      Президентi