Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамының әлеуметтiк қорғалуын күшейту, оларға ақшалай үлес төлеудi тәртiпке келтiру, тұрмыс деңгейiн тұрақтандыру және әскери қызметтегi мiндеттерiн орындауына тиiстi жағдай жасалуын қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
1. Бюджеттен бөлiнген қаражат шегiнде:
әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақысы NN 1-4 қосымшаларға сәйкес;
әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқа) және iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының әскери (арнаулы) атақтары бойынша жалақысы N 5 қосымшаға сәйкес белгiленсiн;
N 1 қосымшада көрсетiлмеген офицерлiк құрамның басқа лауазымдары бойынша лауазымдық жалақы 1,5 еседен асырылмай өсiрiлсiн.
2. Тұрақты тұратын тұрғын үймен қамтамасыз етiлмеген әскер құрамдағы адамдарға, прапорщиктерге, мичмандарға, мерзiмiнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамына уақытша тұрғын үй қосымша жалдап алу (жалдауы) үшiн ақшалай өтем жасау былайша өсiрiлсiн:
- Алматы қаласында айына - 10.000 сом;
- басқа қалалар мен облыс орталықтарында айына - 6000 сом;
- басқа елдi мекендерде айына - 4000 сом;
Өзiмен бiрге от басының үш және одан да көп мүшелерi тұратын осы аталған адамдарға ақшалай өтем жасау мөлшерi 50 процент арттырылады.
3. Әскери қызметшiлердiң жауынгерлiк әзiрлiк мiндеттерiн пысықтау үшiн оқу орталықтарында, әскери бөлiм тұрақты орналасқан мекеннен тысқары лагерьлерде, полигондарда, запастағы аэродромдарда, маневрлер мен жаттығуларда болған уақыты үшiн далалық ақшалай төлем әскери қызметшiлер жұмысының жүрiп-тұру сипаты ескерiлiп (мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерден басқаларға) қызмет бабындағы iссапарларға ақы төлеу үшiн белгiленген тәулiктiк ақының 60 процентi мөлшерiнде төлем жасалсын.
4. Қызмет өткерген жылдарына, штаттың қысқартылуына, мүгедектiгiне, денсаулық жайына қарай қызметтен босатылған адамдардың зейнетақысы, асыраушысынан айырылуына байланысты отбасыларына берiлетiн зейнетақы әскери қызметшiлердiң, қызметте тұратын iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының осы қаулыға байланысты өсiрiлген ақшалай үлесiне қарай қайта есептелсiн.
5. Осы қаулы 1993 жылғы 1 қазаннан бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 27 қазандағы
N 1388 қаулысына
N 1 қосымша
Негiзгi бiрыңғай лауазымдар бойынша
офицер құрамындағы адамдардың
Лауазымдық жалақысы
-------------------------------------------!------------------------ Лауазымдар атауы ! Айлық лауазымдық
! жалақысы (сомесебiмен)
-------------------------------------------!------------------------
I. Әскерлер бойынша
1. Әскерлер тегiнiң қолбасшысы 105000
2. Корпус командирi 102000
3. Дивизия командирi 96000
4. Бригада командирi 87000
5. Полк командирi 81000
6. Батальон, дивизион 70500
7. Рота, батарея командирi 63000
8. Взвод командирi 54000
II. Шекара әскерлерi бойынша
1. Шекара әскерлерiнiң қолбасшысы 105000
2. Шекара әскерлерi қолбасшысының
бiрiншi орынбасары 103500
3. Шекара әскерлерi қолбасшысының
орынбасары 102000
4. Бөлiм бастығы 96000
5. Бөлiмше бастығы 82800
6. Аға офицер 79200
7. Офицер 70000
8. Шекара отрядының бастығы 95400
9. Шекара отряды бөлiмшесiнiң бастығы 70200
10. Шекара отрядының аға офицерi 68400
11. Шекара отрядының офицерi 61200
12. Шекара комендатурасының коменданты 72000
13. Шекара заставасының бастығы 63000
14. Шекара заставасы бастығының орынбасары 61200
III. Республикалық Ұлан бойынша
1. Қолбасшы 105000
2. Қолбасшының бiрiншi орынбасары 103500
3. Қолбасшының орынбасары 102000
4. Бөлiм бастығы 91800
5. Бөлiмше бастығы 79200
6. Аға офицер 73800
7. Офицер 70200
--------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 27 қазандағы
N 1388 қаулысына
N 2 қосымша
Мерзiмнен тыс қызметтегi прапорщиктердiң
(мичмандардың), әскери қызметшiлердiң,
сондай-ақ солдаттар (матростар), сержанттар
(старшиналар), прапорщиктер (мичмандар) атқаратын
лауазымдарда контракт бойынша әскери қызмет өткерiп
жүрген әскери қызметшiлердiң
Лауазымдық жалақысы
(Кесте)
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 27 қазандағы
N 1388 қаулысына
N 3 қосымша
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң
Лауазымдық жалақысы
(Кесте)
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 27 қазандағы
N 1388 қаулысына
N 4 қосымша
Әскери-оқу орындары мен әскери бөлiмдер
курсанттарының
Лауазымдық жалақысы
(Кесте)
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 27 қазандағы
N 1388 қаулысына
N 5 қосымша
Әскери қызметшiлердiң (мерзiмдi қызметтегi
әскери қызметшiлерден басқа) әскери атақтары
және iшкi iстер органдарының қатардағы және
басшы құрамдағы арнайы атағы бар адамдарының,
сондай-ақ контракт бойынша қызмет өткерiп
жүрген әскери қызметшiлердiң әскери атақтары
бойынша
Лауазымдық жалақылары
(Кесте)