Инвестициялық жекешелендiру қорларын ұйымдастыру жөнiндегi шаралар туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы. 1993 жылғы 23 маусым N 1290.

Қолданыстағы

      ЕСКЕРТУ. ҚРМК-нiң 1993.07.09. N 582 қаулысын  қараңыз.
      Жекешелендiрудiң инвестициялық купондарының айналымы үшiн қажеттi жағдайлар жасау және мемлекеттiк кәсiпорындарды жаппай жекешелендiру процестерiне халықтың қалың тобын ұйымдасқан түрде тарту мақсатында қаулы етемiн:
      1. Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бiр апта мерзiмде:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қоры туралы Ереженi;
      Инвестициялық жекешелендiру қорларының, осы қорларды басқарушылардың қызметiн лицензиялау тәртiбi туралы және лицензияның күшiн тоқтату мен қайтарып алу туралы Ереженi бекiтсiн.
      3. Инвестициялық жекешелендiру қорлары мен олардың басқарушыларының қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетi құрған Ведомствоаралық комиссия жүргiзетiн болып белгiленсiн.
      Лицензиялары жоқ инвестициялық жекешелендiру қорларына жекешелендiрудiң инвестициялық купондарымен қандай да бiр операция жасауға тыйым салынады.
      Инвестициялық жекешелендiру қорларының бiрыңғай тiзiлiмiн жүргiзудi, сондай-ақ олар түсiрген эмиссия жүлгелерi негiзiнде қорлар акцияларының шығарылуын тiркеудi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жүзеге асырады.
      4. Қазақстан Республикасының Мамандандырылған мемлекеттiк жинақ банкiсi және оның жер-жердегi бөлiмшелерi жекешелендiрудiң инвестициялық купондарын азаматтардың шотынан олардың өтiнiшi бойынша инвестициялық жекешелендiру қорларының шотына аударуды бұл қорларда азаматтардың инвестициялық жекешелендiру купондарын шоғырландыру жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензиясы болғанда ғана жүргiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiмен бiрге осы қаулымен бекiтiлген Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы ережеге сәйкес 1993 жылғы 30 маусымға дейiнгi мерзiмде:
      Инвестициялық жекешелендiру қорының үлгi жарғысын;
      Инвестициялық жекешелендiру қоры акциялары эмиссиясының үлгi жүлгесiн;
      Инвестициялық жекешелендiру қорының акцияларын шығаруды тiркеу тәртiбi туралы ереженi;
      Инвестициялық жекешелендiру қорының депозитариймен үлгi шартын;
      Инвестициялық жекешелендiру қорының басқарушысымен үлгi контрактiнi;
      инвестициялық қорлар шығындарының құрамы мен қаржылық нәтижелерiн қалыптастыруды анықтау, инвестициялық жекешелендiру купондарын бағалау тәртiбiн өзiне қамтитын Инвестициялық жекешелендiру қорларының таза активтерiн бағалау тәртiбi туралы Уақытша ереженi;
      Инвестициялық жекешелендiру қорларында бухгалтерлiк есеп енгiзу тәртiбi туралы Уақытша ереженi бекiтетiн болсын.
      6. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiр ай мерзiмде:
      кадрларды даярлау мен оқыту, әдiстеме және ақпарат жағынан қамтамасыз ету шараларын, сондай-ақ осы қорлардың қызметi үшiн өзге де шараларды көздейтiн инвестициялық жекешелендiру қорларын құру мен дамытуды қолдау бағдарламасын бекiтсiн;
      Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетiне кейiннен Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесiне енгiзу үшiн инвестициялық жекешелендiру қорларына салық жеңiлдiктерiн беру туралы ұсыныстар түсiрсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi азаматтардың инвестициялық жекешелендiру купондарын шоғырландыратын инвестициялық жекешелендiру қорларына олардың қалыптасу мен даму процесiнде қаржылай көмек көрсету үшiн орталықтандырылған кредит ресурстарының резервтерiн көздейтiн болсын.
      8. Мемлекеттiк және мемлекеттiк емес телерадио компанияларының, республикалық және жергiлiктi газеттер редакцияларының және басқа да бұқаралық ақпарат құралдарының басшыларына инвестициялық купондар салған қатардағы азаматтардың мүдделерiн қорғау мақсатында ақпараттық-жарнамалық сипаттағы хабарландыру жариялауға өтiнiмдердi азаматтардың купондарымен операциялар жасау құқығына лицензиялары бар инвестициялық жекешелендiру қорларынан ғана қабылдау ұсынылсын.
      9. Облыстардың, Алматы және Ленинск қалаларының әкiмдерi инвестициялық жекешелендiру қорларына қажеттi үй-жайлар бөлу, депозитарийлер мен аудиторлық фирмалар жүйесiн дамытуды көтермелеу, бұл ұйымдар үшiн мамандар даярлау арқылы оларды құру мен қызмет етуiне барынша жәрдемдесетiн болсын.
      10. Осы қаулының орындалуын бақылау Премьер-министрдiң орынбасары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң төрағасы Ж.С.Кәрiпжановқа жүктелсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
1993 жылғы 23 маусымдағы
N 1290 қаулысына 
Қосымша 

Инвестициялық жекешелендiру қорлары
туралы ереже

I. Жалпы ережелер

      1. Инвестициялық жекешелендiру қорлары туралы ереже (бұдан әрi - Ереже деп аталады) азаматтардың инвестициялық жекешелендiру купондарын шоғырландыратын инвестициялық жекешелендiру қорларын құру және олардың қызметiнiң тәртiбi белгiлейдi.
      Инвестициялық жекешелендiру қорлары өткiзiлетiн купон аукциондарында жекешелендiрiлетiн кәсiпорындардың акциясына кейiннен салу үшiн Қазақстан Республикасы халқының инвестициялық жекешелендiру купондарын шоғырландырады.
      Купондарға айырбасқа жекешелендiрiлген кәсiпорындар акцияларын аукционда өткiзу аяқталғаннан кейiн инвестициялық жекешелендiру қорлары басқа инвестициялық қорлардан, заңды ұйымдар мен жеке адамдардан акционерлiк қоғамдардың акцияларын сату мен сатып алуды жүзеге асырады.
      2. Халықтың инвестициялық жекешелендiру купондарын және ақша қаражаттарын өз акцияларының эмиссиясы есебiнен тарту өз қаржысын басқа эмитенттердiң бағалы қағазына инвестициялау және бағалы қағаздарды сату қызметiн жүзеге асыратын ашық типтегi акционерлiк қоғамдар инвестициялық жекешелендiру қоры деп танылады.
      Бұл операциялар инвестициялық жекешелендiру қорлары қызметiнiң айрықша түрi болып табылады. Қызметтiң басқа түрлерiмен бiрiктiруге жол берiлмейдi.
      3. Осы Ережеде қолданылған негiзгi ұғымдар:
      жеке адам мен заңды ұйымдар - кез келген жеке адам немесе заңды ұйым, оның iшiнде акционерлiк қоғам, серiктестiк, мемлекеттiк кәсiпорын;
      жеке адамның немесе заңды ұйымның (акционерлiк қоғамның, серiктестiктiң, мемлекеттiк кәсiпорынның) жетекшi адамы (ұйымы) - оның басқарушысы, лауазымды адамдары, құрылтайшылары, сондай-ақ оның акцияларының 25 және одан да көп процентi тиесiлi акционерлер, немесе iшiнде осы адамға дауысқа түсушi акциялардың 25 және одан да көп процентi тиесiлi кәсiпорын. Басқарушының жетекшi ұйымдары қатарына онымен инвестициялық қорды басқару туралы контракт жасасқан барлық инвестициялық жекешелендiру қорлары кiредi;
      инвестициялық жекешелендiру қорының жетекшi тобы - инвестициялық жекешелендiру қоры, инвестициялық жекешелендiру қорын басқарушы, сондай-ақ осы инвестициялық жекешелендiру қорының және оның басқарушысының барлық жетекшi адамдары;
      Инвестициялық жекешелендiру қорының депозитарийi - осы инвестициялық жекешелендiру қорының жетекшi ұйымы болып табылмайтын, бағалы қағаздармен, оның iшiнде инвестициялық жекешелендiру купондармен, сондай-ақ қорға тиесiлi ақша қаражатымен iс-әрекеттi жүзеге асыратын, қордың осы мүлкiнiң қозғалысын есепке ала отыратын және депозитарлық шартқа сәйкес басқа қызметтердi жүзеге асыратын банкi немесе өзге де заңды ұйым;
       ашық инвестициялық жекешелендiру қоры - өз акцияларын оларды мiндеттi түрде сатып ала отырып эмиссиялаушы, яғни осы қордың акцияларын иеленушiге оның талабы бойынша қор жарғысына сәйкес олардың орнына ақшалай сома немесе өзге де мүлiк алу құқығын беретiн инвестициялық жекешелендiру қоры;
      жабық инвестициялық жекешелендiру қоры - акцияларды эмитенттiң сатып алу мiндеттемесiнсiз оларды эмиссиялайтын инвестициялық жекешелендiру қоры;
      инвестициялық бағалы қағаздар - дауысқа түсушi акциялардың 50 проценттен астамы эмитентке тиесiлi болатын тектес кәсiпорындар шығарған бағалы қағаздарды қоспағанда, кез келген бағалы қағаздар;
      бақылау - жеке адамның немесе заңды ұйымның қызметiн басқаруға, оның iшiнде дауысқа түсушi акциялардың 25 және одан да көп процентi осы адамға тиесiлi болатын кәсiпорынды басқару жөнiнде тиiстi өкiлдiктерiн жүзеге асыруға шешушi ықпал жасау қабiлетi. Лауазымды адамдардың өз қызмет мiндеттерiн жүзеге асыруы бақылау болып табылмайды;
      инвестициялық жекешелендiру қорының тәуелсiз аудиторы осы қордың жетекшi ұйымы болып табылмайтын аудиторлық ұйым;
      шек қойылған ұйым, мекеме - жарғы үлесiнде мемлекеттiң үлесi 30 проценттен асатын кез келген ұйым; министрлiк және ведомство немесе өзге де мемлекеттiк басқару органы; қоғамдық ұйым және ол құрған кәсiпорын; мемлекеттiк концерн, ассоциация және өзге де кәсiпорындардың ерiктi бiрлестiгi; Кәсiпорындардың кез келген бiрлестiгi, егер оның жарғылық капиталының 30 процентiнен кемi мемлекетке тиесiлi болса, шек қойылған ұйым болып табылмайды;
      инвестициялық жекешелендiру қорының басқарушысы - шек қойылған ұйымдардан басқа, белгiленген тәртiпте басқарушының қызметiн жүзеге асыруға лицензия алған, инвестициялық жекешелендiрудiң қорын басқару туралы өзiмен контракт жасасылған кез келген ұйым.
      ЕСКЕРТУ. 3-тармақтың 11-абзацына өзгерiстер енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.02.23. N 1575 қаулысымен.

II. Инвестициялық жекешелендiру қорын
құру және тiркеу

      4. Инвестициялық жекешелендiру қорын құру мен тiркеу осы Ережемен көзделген тәртiпте жүзеге асырылады.
      5. Инвестициялық жекешелендiру қоры құрылтайшыларының санына шек қойылмайды. Шек қойылған ұйымдар мен мекемелерден, шетелдiк заңды ұйымдар мен жеке адамдардан басқа, кез келген ұйымдар инвестициялық жекешелендiру қорларының құрылтайшылары бола алады.
      Құрылтайшылардың жиналысы Инвестициялық жекешелендiру қорының Үлгi жарғысына сәйкес жасалып, Қазақстан Республикасының Мүлiкмемкомы мен Қаржы министрлiгi бекiткен жарғыны бекiтедi, депозитариймен шарттың және инвестициялық жекешелендiрудiң қорын басқаруға басқарушымен жасалатын контрактiнiң жобаларын бекiтедi, оларды жасасуға қордың лауазымды адамына уәкiлдiк бередi.
      6. Инвестициялық жекешелендiру қорлары жабық инвестициялық жекешелендiру қорлары ретiнде құрылады және өз акцияларын акционерлерден сатып алуға құқығы жоқ.
      7. Жабық инвестициялық жекешелендiру қорын ашық қорға қайта өзгерту жекешелендiрiлген кәсiпорындардың акцияларын инвестициялық жекешелендiру купондарын айырбасқа аукционда өткiзу аяқталғаннан кейiн, бiрақ оның бiрiншi аукционға қатысуынан кейiн ерте дегенде 15 айдан соң және бағалы қағаздар нарығында қор активтерiнiң өтiмдiлiгi (нарық бағасы бойынша кем дегенде 30 процент) қамтамасыз етiлген жағдайда жүзеге асырылуы мүмкiн.
      8. Инвестициялық жекешелендiру қорының атауына "инвестициялық жекешелендiру қоры" деген сөздер енгiзiлуге тиiс. Осы Ережеге сәйкес жұмыс iстеушi Инвестициялық жекешелендiру қорларынан басқа ешбiр ұйымдардың өз атауына аталған сөздердi енгiзуге құқығы жоқ.
      9. Инвестициялық жекешелендiру қорының жарғылық капиталы оны құру кезiнде құрылтайшылардың салымдары есебiнен қалыптасады және кемiнде екi миллион теңге болуға тиiс. Инвестициялық жекешелендiру қорын құру кезiнде құрылтайшылар инвестициялық жекешелендiру қоры тiркелген күннен бастап 30 күннен кешiктiрмей жарғылық капитал құнын 100 процент төлеуге мiндеттi. Соның өзiнде мүлiк үлесi оның құрылтайшылық капиталының 25 процентiнен аспауға тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 9-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.02.23. N 1575 қаулысымен.
      10. Құрылтайшылар бастапқы капитал ретiнде енгiзген салымдарын инвестициялық жекешелендiру қоры қайта құрылғанға немесе таратылғанға дейiн алуға құқығы жоқ.
      Бiрiншi купон аукционы басталғанға дейiн инвестициялық жекешелендiру қоры құрылтайшылардың шешiмi бойынша құрылтай жарналарын инфляциядан сақтау мақсатында оларды бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға байланысты операцияларды жүргiзу үшiн коммерциялық мақсаттарға, банктерге депозиттерге салуға, сондай-ақ мемлекет иелiгiнен алу мен жекешелендiру процестерiнен өткен кәсiпорындарға қайтарымды негiзде қаржы көмегiн көрсету үшiн пайдалана алады. Залал шеккен жағдайда құрылтайшылар инвестициялық жекешелендiру қорының бастапқы капиталын толық көлемiнде қалпына келтiруге тиiс.
      ЕСКЕРТУ. 10-тармақ жаңа абзацпен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1994.02.23. N 1575 қаулысымен.
      11. Инвестициялық жекешелендiру қоры жарғылық капиталының мөлшерi әрбiр жекешелендiру легi аяқталғаннан кейiн жекешелендiрiлген инвестициялық купондарға купон аукциондарында сатып алынған жекешелендiрiлген кәсiпорындар акциялары құнына ұлғаяды.
      Жекешелендiрiлген кәсiпорындар акцияларын купондарға айырбасқа бiрiншi аукционда өткiзу аяқталғаннан кейiн инвестициялық жекешелендiру қоры жарғылық капиталды инвесторлардың ақша қаражатын тарту есебiнен көп дегенде 1/3-ке ұлғайта алады және жекешелендiрiлген кәсiпорын акциялары портфелiнiң көп дегенде 30 процентiне бағалы қағаздар нарығында басқа заңды ұйымдар мен жеке адамдардан сатып алу-сату жөнiндегi операцияларды жүзеге асыра алады.
      Осы операциялардан жиналған қаржы қордың ағымдық (операциялық) шығындарына және бағалы қағаздар нарқында басқа акционерлiк қоғамдардың акцияларын сатып алуға пайдаланылуы мүмкiн.
      Инвестициялық жекешелендiру қорының жарғылық капиталының мөлшерiн бiрiншi купон аукционы өткiзiлгенге дейiн өз акцияларын эмиссиялау жолымен құрылтайшылар мен басқа да инвесторлардың ақша қаражатын тарту арқылы ұлғайтуға болады.
      Қор инвесторлары болуға құқылы заңды ұйымдар мен нақты адамдардың, шектелетiн ұйымдардан, шетелдiк заңды ұйымдар мен нақты адамдардан басқаларының, құрамы шектеусiз.
      ЕСКЕРТУ. 11-тармақ толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1994.02.23. N 1575 қаулысымен.
      12. Акцияларды купондарға айырбастап аукционда өткiзу толық аяқталғаннан кейiн инвестициялық жекешелендiру қоры өз акцияларының эмиссиясы, өз қаржысын басқа эмитенттердiң бағалы қағаздарына инвестициялау және осы Ереженiң 11-тармағында аталған шектеулерсiз бағалы қағаздарды сату есебiнен ақша қаражаттарын тарту жөнiндегi қызметтi жүзеге асыра алады.
      13. Инвестициялық жекешелендiру қорының акциялары акционерлерге инвестициялық жекешелендiру купондарына айырбасқа 10 купон - 1 акция арақатынасында берiледi.
      Инвестициялық жекешелендiру қорының барлық акциялары иесi белгiлi әдеттегi акциялар болып табылады. Әрбiр акция акционерлерге акционерлердiң барлық жиналыстарында бiр дауысқа, қор таратылған кезде дивидендтер және оның мүлкiнен тиiстi бөлiгiн алуға құқық бередi.
      Инвестициялық жекешелендiру қоры құрылтайшыларының акциялары инвестициялық жекешелендiру купондарына айырбасқа халық арасында таратылатын оның қалған акцияларынан өзгеше болмауға тиiс.
      Инвестициялық жекешелендiру қорының акцияларын оның иелерi бағалы қағаздар нарығында сатуы мүмкiн, бiрақ қор жекешелендiрiлген кәсiпорындардың акцияларын бiрiншi аукционда купондарға айырбасқа сатып алғаннан кейiн ерте дегенде 15 айдан кейiн және қордың таза активтерiнiң өтiмдiлiгiне қол жеткен кезде сата алады.
      14. Инвестициялық жекешелендiру қорының қызметiн лицензиялауды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен тәртiпте Лицензиялар беру жөнiндегi ведомствоаралық комиссия жүзеге асырады.
      15. Инвестициялық жекешелендiру қорының жетекшi ұйымдары болып табылмайтын, бағалы қағаздармен iс-әрекеттi, оның iшiнде инвестициялық жекешелендiру купондарымен iс-әрекеттi жүзеге асыратын және олардың қозғалысын есепке алып отыратын, сондай-ақ депозитарлық шартқа сәйкес басқа да қызметтердi атқаратын банкiлер, өзге де заңды ұйымдар инвестициялық жекешелендiру қорының депозитарийi бола алады.
      16. Инвестициялық жекешелендiру қоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қаржы министрлiгi бекiткен Инвестициялық жекешелендiру қорының депозитарийiмен Үлгi шартқа сәйкес жасалған депозитарлық шарт жасасады.
      Инвестициялық жекешелендiру қоры тек бiр депозитарийге ие болуға мiндеттi.
      Қордың барлық ақша қаражаты мен бағалы қағаздары депозитарийде сақталады. Барлық ақшалай есеп айырысу және бағалы қағаздармен жасалатын операциялар тек депозитарий арқылы ғана жүзеге асырылуы мүмкiн.
      Депозитарий инвестициялық жекешелендiру қорының кредитшiсi және кепiлi бола алмайды. Депозитарий бағалы қағаздарды сатып алу мен сатуға шек қоюды қоса алғанда, депозитариймен жасасылған шарттың талаптарын ескере отырып инвестициялық жекешелендiру қорының бағалы қағаздарымен операцияларды жүзеге асырады және бақылайды.
      Инвестициялық декларация талаптары және инвестициялық жекешелендiру қоры қызметiне қойылған шек депозитарийдiң орындауы үшiн мiндеттi.
      17. Инвестициялық жекешелендiру қоры құжаттаманы және қордың, басқарушы мен депозитарийдiң есеп беруiн жыл сайын тексеру үшiн тәуелсiз аудитор тағайындайды.
      18. Шек қойылған ұйымдар мен мекемелерден басқа, кез келген жеке адамдар мен заңды ұйымдар инвестициялық жекешелендiру қорының басқарушысы бола алады. Инвестициялық жекешелендiру қорының депозитарийi болып табылмайтын банкi, сақтандыру ұйымы оның басқарушысы бола алады.
      19. Инвестициялық жекешелендiру қоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қаржы министрлiгi бекiткен Инвестициялық жекешелендiру қорын басқару туралы басқарушымен жасасылатын типтiк контрактiге сәйкес құрылған қорды басқару туралы басқарушымен контракт жасасады. Инвестициялық жекешелендiру қорын басқару туралы басқарушымен жасасылған бұл контрактiге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша жүргiзiлуi мүмкiн. Инвестициялық жекешелендiру қорымен қорды басқару туралы контракт жасасқан адамның лицензиясы болуы мiндеттi.
      Инвестициялық жекешелендiру қорын басқарушының қызметiн лицензиялау тәртiбiн Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi белгiлейдi.
      20. Жалған құжаттарды, ақша белгiлерiн, бағалы қағаздарды жасағаны, ұрлық жасағаны немесе парақорлығы және басқа да пайдакүнемдiк қылмыстары үшiн сотталған адамдар инвестициялық жекешелендiру қорының қызметшiлерi, лауазымды адамдары бола алмайды, сондай-ақ қордың басқарушысы, тәуелсiз аудитор немесе депозитарий мiндетiн атқара алмайды.

III. Инвестициялық жекешелендiру қорының қызметiн
лицензиялау және бағалы қағаздар шығаруды тiркеу

      21. Инвестициялық жекешелендiру қоры лицензиялар алуды Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi бекiткен инвестициялық жекешелендiру қорларының, осы қорлар басқарушыларының қызметiн лицензиялау тәртiбi туралы және лицензияның күшiн доғару және оны қайтарып алу туралы ережеге сәйкес, ал акциялар шығаруды тiркеудi - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қаржы министрлiгi бекiткен инвестициялық қаржы қорларының акцияларын шығаруды тiркеу тәртiбi туралы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      22. Инвестициялық жекешелендiру қорлары тек лицензия алғаннан кейiн және оның күшi жойылған кезге дейiн өз қызметiн жүзеге асыруға (өз акцияларына айырбасқа инвестициялық жекешелендiру купондарын шоғырландыруға, купон аукциондарында жекешелендiрiлген кәсiпорындардың акцияларын сатып алуға,бағалы қағаздарды сатып алуға немесе сатуға, бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жарнамалап, халықты хабардар етуге) құқылы.
      Халықтың инвестициялық жекешелендiру купондарын жинақтау құқына лицензия алған инвестициялық жекешелендiру қорлары қызметiнiң шарты - қорларда компьютер және информатика техникасының болуы. Бiрыңғай бағдарламамен қамтамасыз ету және оларға техникалық талап Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы бекiтетiн Ережелермен белгiленедi.
      Инвестициялық жекешелендiру купондарын аудару мен орналастыруды бағдарламамен қамтамасыз ету жөнiндегi қызметтi инвестициялық жекешелендiру қорлары Қазақстан Республикасының Меммүлiккомы мен Қаржыминi бекiткен тарифтер бойынша шартты негiзде көрсетедi.
      ЕСКЕРТУ. 22-тармақ жаңа абзацтармен толықтырылды - ҚР Президентiнiң 1994.02.23. N 1575 қаулысымен.
      23. Акциялар шығаруды тiркеу үшiн инвестициялық жекешелендiру қоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қаржы министрлiгi бекiткен Акциялар эмиссиясының типтiк проспектiсiне сәйкес жасалған инвестициялық жекешелендiру қорының акциялары эмиссиясының проспектiсiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне табыс етуге мiндеттi.

IV. Инвестициялық декларация және инвестициялық
жекешелендiру қорының қызметiне шек қою

      24. Инвестициялық жекешелендiру қорының инвестициялық декларациясы инвестициялардың мақсаттарын, қордың инвестициялық қызметiнiң негiзгi бағыттарын және оған қойылатын шектеулердi белгiлейдi. Инвестицияға қойылатын шектеулердi инвестициялық жекешелендiру қорларының басқарушылары мен басқару органдары сақтауға тиiс және мiндеттi түрде олардың жарғылары мен эмиссиялар проспектiлерiнде айтылуға тиiс.
      25. Инвестициялық жекешелендiру қоры инвестицияларының мақсаттары инвестициялық жекешелендiру купондарын жекешелендiрiлген кәсiпорындардың акцияларына салудың табыстылығын және салынған қаржының өсiмдiлiгiн қамтамасыз ету, инвестициялардан және бағалы қағаздармен жасалған операциялардан түскен табыс есебiнен дивидендтер алу және оларды қордың акционерлерiне жүйелi түрде төлем тұру болып табылады.
      Өз мақсаттарына жету үшiн инвестициялық жекешелендiру қоры купондарды жекешелендiрiлген кәсiпорындардың акцияларына теңдестiре салу арқылы купон аукциондарындағы көзделетiн қызметтiң негiзгi бағыттарын белгiлейдi.
      Жекешелендiрiлген кәсiпорындардың акцияларын купондарға бiрiншi аукционда өткiзу аяқталғаннан кейiн инвестициялық жекешелендiру қоры өз қаржысын басқа эмитенттердiң бағалы қағаздарына тиiмдi инвестициялаудағы және бағалы қағаздардың екiншi нарқында акцияларды сатып алу-сату жөнiндегi табысты операциялар жүргiзудегi өзiнiң көздеген қызметiн белгiлейдi.
      26. Инвестициялық жекешелендiру қорының қызметiне қойылатын шектеулер қор акциясына өзiнiң инвестициялық жекешелендiру купондарын салған халықтың мүдделерiн қорғау және қор акционерлерiнiң тәуекелдiгiн азайту мақсатында енгiзiледi.
      Инвестициялық жекешелендiру қорының:
      бағалы қағаздарға инвестициялаудан басқа, инвестициялардың өзге де түрлерiн жүзеге асыруға;
      кез келген акционерлiк қоғамның дауысқа түсушi акцияларын, егер оларды сатып алғаннан кейiн инвестициялық жекешелендiру қорының жетекшi тобына осы қоғамның дауысқа түсушi акцияларының 20 проценттен астамы тиесiлi болған жағдайда, сатып алуға;
      бiр эмитенттiң бағалы қағаздарының 20 проценттен астамын сатып алып, өз активтерiнде ұстауға;
      өзiнiң таза активтерiнiң 5 проценттен астамын бiр эмитенттiң бағалы қағаздарына инвестициялауға;
      қаражаты инвестициялық жекешелендiру қорының жетекшi адамдарының бағалы қағаздарына инвестициялауға;
      кез келген түрде кепiлдiк беруге, кепiлдiк мәмiлелер жасауға;
      ұйымдық-құқылық түрi толық жауапкершiлiктi көздейтiн кәсiпорындардың, бағалы қағаздарына инвестицияларды жүзеге асыруға;
      басқарушының өзi, депозитарий, тәуелсiз аудитор, қор құрылтайшылары шығарған бағалы қағаздарға инвестицияларды жүзеге асыруға;
      заем қаржыларын тартуға немесе облигациялар, әдеттегi акциялардың иелерiмен салыстырғанда иелерi қор мүлкiне артықшылық құқық алатын артықшылық акцияларын, ақша және қарыз мiндеттемелерiн шығаруға;
      жекешелендiру объектiлерiнiң өкiлдерi, делдалдары, сатушылары ретiнде, оның iшiнде жекешелендiрiлген кәсiпорындардың акцияларын, үлестерiн, жарналарын сату кезiнде, қызметтi жүзеге асыруға;
      өзiнiң жетекшi адамдарынан бағалы қағаздар мен өзге де мүлiктi сатып алуға не оларға сатуға;
      мемлекеттiк бағалы қағаздарды қоспағанда, қаржыны қарыз мiндеттемелерiне салуға;
      Қазақстан Республикасында шығарылған инвестициялық жекешелендiру купондарының бес проценттен астамын сатып алып, өз активтерiнде ұстауға;
      Қазақстан Республикасында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген немесе негiзгi қызметтi Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде жүзеге асыратын кәсiпорындардың бағалы қағаздарын инвестициялауды жүзеге асыруға;
      инвестициялық қызметпен байланысты емес мәмiлелер жасасуға, сондай-ақ опциондарды немесе кез келген түрдегi фъючерлiк контрактiнi сатып алуға;
      өзге де инвестициялық қорлардың акцияларын сатып алуға және өз активтерiнде ұстауға;
      қор депозитарийiнен кредит және кепiлдiк алуға құқығы жоқ.
      27. Инвестициялық жекешелендiру қоры немесе қордың басқарушысы пайдалануға немесе табысқа, не қор акциялары құнының ұлғаятынына кепiлдiк немесе уәде бере алмайды.
      Қор және оның басқарушысы қаржы активтерiнiң түрлерi, экономика салалары, аймақтар, кәсiпорындар және өзге де белгiлер бойынша инвестицияларды диверсификациялау арқылы өз акционерi үшiн тәуекелдi азайтуға мiндеттi.
      28. Инвестициялық жекешелендiру қоры инвестициялық жекешелендiру купондарымен өздерi жасасқан барлық мәмiлелер туралы шарттар мен келiсiмдердi шарт (келiсiм) күшiне енген кезден бастап бес жыл бойы өзiнде сақтауға және алғашқы талап ету бойынша оларды Лицензиялар беру жөнiндегi ведомствоаралық комиссияға көрсетуге мiндеттi.

V. Басқару және бақылау

      29. Инвестициялық жекешелендiру қорын басқару және оның қызметiн бақылау осы Ережеде көзделген тәртiппен жүзеге асырылады.
      30. Инвестициялық жекешелендiру қорын басқарудың жоғары органы акционерлердiң жалпы жиналысы болып табылады, оның құзыретiне мыналар:
      - жарғыға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      - инвестициялық декларацияны, депозитарлық шартты, қорды басқару туралы басқарушымен жасасылған контрактiнiң, оның iшiнде депозитарий мен басқарушыға сыйақы беру мөлшерiн анықтау тәртiбiн мақұлдау және оларға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу;
      - қор қызметiнiң жылдық қорытындыларын бекiту;
      - дивиденд есепшоттарының тәртiбiн бекiту;
      - заңды ұйым құқығынсыз қордың филиалдарын, бөлiмшелерiн құру және олардың қызметiн доғару туралы шешiм қабылдау;
      - Тексеру комиссиясы мүшелерiн тағайындау;
      - қордың Бақылау кеңесiн сайлау;
      - қорды тарату туралы шешiмдер қабылдау, тарату комиссиясын құру және оның жауабын бекiту жатады.
      Жалпы жиналыс өткiзген кезде кворум қордың әдеттегi акцияларының кем дегенде 50 процентiне иеленушiлердiң жеке өзiнiң қатысуымен немесе өкiлеттi өкiлдерi арқылы қамтамасыз етiледi.
      Шешiм кворум болған кезде жай көпшiлiк дауыспен қабылданады. Кворум болмаған кезде акционерлердiң жаңа жиналысын өткiзу мерзiмi 30 күнтiзбе күнге ауыстырылады.
      Қайта болған жиналыста шешiм кворумның бар-жоғына қарамастан оған қатысушы акционерлердiң немесе олардың өкiлеттi өкiлдерiнiң жәй көпшiлiк дауысымен қабылданады.
      31. Акционерлердiң бiрiншi жалпы жиналысы инвестициялық жекешелендiру қоры бiрiншi купон аукционына қатысқаннан кейiн 30 күннен кешiктiрмей өткiзiледi. Қор акционерлердiң басқа жиналыстарына қарамастан акционерлердiң жалпы жиналысын жылына бiр рет өткiзiп отырады. Жалпы жылдық жиналыстар арасындағы кезең 15 айдан аспауға тиiс.
      Жылдықпен қатар, төтенше жиналыстар шақырылуы мүмкiн. Акционерлердiң төтенше жиналыстарын кез келген мәселелердi қарау үшiн қор басқарушысы шақыруы мүмкiн. Қор басқарушысы Бақылау кеңесi мүшелерiнiң не қордың әдеттегi акцияларының жиынтығында кем дегенде 10 процентiне ие болған акционерлердiң көпшiлiгiнiң немесе депозитарийдiң жазбаша түрде берiлген талабы бойынша төтенше жиналысты шақыруға мiндеттi.
      ЕСКЕРТУ. 31-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.02.23. N 1575 қаулысымен.
      32. Жиналысты шақыру және оның күн тәртiбi туралы жазбаша хабарлау әрбiр акционерге ол өткiзiлетiн күннен кем дегенде 30 күн бұрын акционерлер тiзiлiмiнде көрсетiлген мекен-жай бойынша тапсырыс хатпен жiберiледi. Акционерлердiң жиналысының шешiмi бойынша жиналысты өткiзу және оның күн тәртiбi туралы хабарлау бұқаралық ақпарат құралдары арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. Күн тәртiбi хабарландырудан кейiн өзгертiле алмайды.
      33. Инвестициялық жекешелендiру қоры акционерлерiнiң жалпы жиналыстары арасындағы кезеңде оның жоғары сайланбалы басқару органы Бақылау кеңесi болып табылады.
      Қордың Бақылау кеңесi мүшелерiнiң саны акционерлердiң жалпы жиналысында анықталады, бiрақ тақ сан болуға және кем дегенде бес адамды қамтуға тиiс. Бақылау кеңесi мүшелерiнiң өкiлеттiк мерзiмi үш жылдан аспауға тиiс.
      Депозитарийдiң талап етуi бойынша оның өкiлi қордың Бақылау кеңесi мәжiлiсiне жiберiлуге тиiс.
      Басқарушы, тәуелсiз аудитор, сондай-ақ қор басқарушысының жетекшi адамдары Бақылау кеңесi мүшелерiнiң көпшiлiгiн құрай алмайды.
      34. Инвестициялық жекешелендiру қорының Бақылау кеңесi мүшелерi Бақылау кеңесiнiң немесе қор басқарушының шешiмдер қабылдауына ықпал жасағаны үшiн сыйақы алуға жанама немесе тiкелей түрде құқығы жоқ.
      35. Инвестициялық жекешелендiру қорының Бақылау кеңесi мүшелерiнiң акцияларға инвестициялық жекешелендiру купондарын айырбастау жөнiнде, бағалы қағаздармен, ақша қаражаттарымен және қордың басқа да активтерiмен операциялар жөнiнде мәмiлелердi жүзеге асыруға құқығы жоқ.
      36. Бақылау кеңесiнiң мүшелерi инвестициялық жекешелендiру қоры алдында жарғымен белгiленген өз мiндеттерiн орындамағаны немесе тиiсiнше орындамағаны салдарынан да оған келтiрген зиян үшiн жауапты болып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қылмыстық және өзге де жауаптылыққа тартылады.
      37. Бақылау кеңесi акционерлердiң жалпы жиналысының айрықша құзыретiне жатқызылған мәселелердi қоспағанда, қор қызметiнiң барлық мәселелерi және оның iшкi iстерi жөнiнде шешiмдер қабылдауға құқылы.
      38. Бақылау кеңесiнiң өз өкiлеттiгiн басқа адамдарға немесе органдарға беруге құқығы жоқ.
      39. Инвестициялық жекешелендiру қорының Бақылау кеңесi:
      - қор iшiндегi қатынасты реттеушi қалыпты құжаттар қабылдауға;
      - Бақылау кеңесi мәжiлiстерiн өткiзудiң регламентiн қабылдауға;
      - акционерлерге қор филиалдарын, бөлiмшелерiн құруға қатысты дәлелдi қорытындылар беруге;
      - есеп берудiң тәртiбi мен оларды табыс ету мерзiмiн белгiлеуге;
      - акционерлерге төленетiн дивидендтiң мөлшерi туралы қорытынды беруге құқылы.
      40. Бақылау кеңесiнiң барлық шешiмдерi, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзге көзделмеген болса, мәжiлiске қатысушы оның мүшелерiнiң көпшiлiк жәй дауысымен қабылданады.
      41. Бақылау кеңесi мәжiлiсiнiң күн тәртiбiне әдеттегi акциялардың жиынтығында кем дегенде 5 процентiн иеленген акционерлер қарауға ұсынған мәселелер енгiзiледi.
      42. Бақылау кеңесiнiң барлық мәжiлiстерiнiң хаттамалары олар белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. Мәжiлiстердiң хаттамалары кез келген акционердiң немесе оның өкiлiнiң танысуына оңай болуға тиiс. Барлық хаттамаларға мәжiлiстiң төрағасы мен хатшысы қол қоюға тиiс.
      43. Инвестицияларды басқаруды және инвестициялық жекешелендiру купондарын, жекешелендiрiлген кәсiпорындар акцияларын және инвестициялық жекешелендiру қорының басқа да бағалы қағаздарын қалыптастыруды оның басқарушысы жүзеге асырады.
      Қорды басқарушының құқықтары мен мiндеттерi, сондай-ақ оның жауапкершiлiгi қор жарғысымен және басқарушымен жасасылған контрактiмен белгiленедi.
      44. Басқарушымен жасасылған контракт, егер оның кез келген ережесi инвестициялық жекешелендiру қорының себебiн көрсетпей мерзiмiнен бұрын аталған контрактiнiң күшiн доғару құқығын шектейтiн болса, жарамсыз болып табылады.
      Инвестициялық декларацияның талаптары және қордың қызметiне қойылған шектеулер басқарушының орындауы үшiн мiндеттi болып табылады.
      Басқарушының қызметiн инвестициялық жекешелендiру қорының Бақылау кеңесi мен депозитарий бақылайды.
      Контрактының күшiн мерзiмiнен бұрын доғарғаны үшiн өтем белгiлеуге жол берiледi, ол инвестициялық жекешелендiру қорын басқаруға көзделген басқарушының жылдық сыйақысының 50 процентiнен аспауға тиiс.
      45. Инвестициялық жекешелендiру қорын басқарумен байланысты басқарушы алатын ең көп жылдық сыйақы инвестициялық жекешелендiру қоры активтерiнiң орташа жылдық құнының 7 процентiнен аспауға тиiс. Басқарушы алатын ең көп жылдық сыйақының мөлшерiн Қазақстан Республикасы Мүммүлiккомы мен Қаржы министрлiгiнiң қайта қарауы мүмкiн.
      46. Инвестициялық жекешелендiру қорының басқарушысы Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес өз iс-әрекетiмен қорға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
      47. Басқарушының лауазымды адамдары, сондай-ақ инвестициялық жекешелендiру қорының, депозитарийдiң лауазымды адамдары мынадай ережелердi басшылыққа алуға тиiс:
      инвестициялық жекешелендiру қоры Бақылау кеңесiнiң рұқсатынсыз басқарушының лауазымды адамдарының және инвестициялық жекешелендiру қорының, сондай-ақ депозитарийдiң лауазымды адамдарының жарғылық капиталында инвестициялық жекешелендiру қорының үлесi бар кәсiпорын тарап болып қатысқан бағалы қағаздармен жасасылған мәмiлелерге қатысты қандай да бiр үшiншi адамға консультация беруге құқығы жоқ;
      жарғылық капиталында инвестициялық жекешелендiру қоры бар кәсiпорын және басқарушы мен инвестициялық жекешелендiру қорының лауазымды адамдары арасындағы кез келген шарт қордың Бақылау кеңесiнде мақұлданған болуға тиiс;
      инвестициялық жекешелендiру қоры және басқарушы мен инвестициялық жекешелендiру қордың лауазымды адамдарының жеке мүддесi бар кәсiпорын арасындағы кез келген мәмiле қордың Бақылау кеңесiнде мақұлданған болуға тиiс. Бақылау кеңесiнiң мүшелерi және басқарушы мәмiле нәтижесiнде еңбек немесе азаматтық-құқылық қатынастарға тұрса немесе тұратын болса не жарғылық капиталында инвестициялық жекешелендiру қорына тиесiлi 5 және одан көп процент үлес бар немесе инвестициялық жекешелендiру қоры акцияларының 5 және одан да көп процентi өзiне тиесiлi заңды ұйымға қатысты жеке меншiк иесiнiң немесе кредитордың құқықтарына ие болса немесе ие болатын болса, олар жеке мүддесi бар деп есептеледi;
      басқарушының, инвестициялық жекешелендiру қоры мен депозитарийдiң лауазымды адамдары инвестициялық жекешелендiру қорынан алынған ақпараттың құпиялығын қамтамасыз етуге мiндеттi.

VI. Таза активтердi бағалау және пайданы бөлу

      48. Таза активтердi бағалау Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен инвестициялық жекешелендiру қорларының таза активтерiн бағалау тәртiбi туралы ережеге сәйкес жүргiзiледi.
      49. Инвестициялық жекешелендiру қорының пайдасы дивидендтер және қордың бағалы қағаздары бойынша проценттiк түсiм есебiнен, сондай-ақ бағалы қағаздармен жасалатын операциялардан түсетiн табыстар есебiнен қалыптасады.
      50. Қордың пайдасы салықты және мiндеттi төлемдердi төлеп болғаннан кейiн кем дегенде 90 процентi қор акционерлерiне дивидендтердi төлеуге жiберiледi, пайданың қалған бөлiгi Бақылау кеңесiнiң шешiмi бойынша жарғылық капиталды өсiруге және қордың басқа шығындарын жабуға жiберiлуi мүмкiн.
      Инвестициялық жекешелендiру қорының пайда есебiнен қандай да бiр арнаулы немесе резервтiк қорлар жасауға құқығы жоқ.
      51. Дивидендтер төлеудiң шарттары, тәртiбi мен дүркiндiлiгi инвестициялық жекешелендiру қорының жарғысымен белгiленедi, онда мынадай ережелер айтылған:
      дивидендтер инвестициялық қызмет және бағалы қағаздармен операциялар жасау нәтижесiнде қордың өзi пайда алған кезден бастап төленедi;
      дивидендтердiң ставкасы дивидендтер сомасын қордың айналымға түскен акцияларының сомына бөлумен анықталады. Ставка бiр акцияға сом түрiнде көрсетiледi;
      дивидендтер қор тiзiлiмiнде есепте тұрған акционерлерге төленедi;
      дивидендтер акционерлерге хабарланған күннен бастап 30  күнтiзбелiк күн iшiнде почта арқылы жiберiледi. Почта шығындарын қор төлейдi.

VII. Есеп және есеп беру

      52. Инвестициялық жекешелендiру қоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бекiткен инвестициялық жекешелендiру қорларында бухгалтерлiк есеп жүргiзу ережелерi туралы ережемен белгiленген тәртiпке қаржы қызметiнiң есебiн жүзеге асырады және есеп берiп отырады.
      53. Бiрiншi қаржы жылы оның тiркелген күнiнен басталып, сол жылдың 31 желтоқсанында аяқталады. Келесi қаржы жылдары күнтiзбеге сәйкес келедi.
      54. Инвестициялық жекешелендiру қорының құжаттамасы мыналарды қамтиды;
      - қордың құрылтайлық құжаттары, сондай-ақ қордың iшкi қатынастарын реттейтiн қалыпты құжаттар, олардың кейiнгi өзгерiстерi мен толықтырулары;
      - қорға тексеру жүргiзу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тиiстi мемлекеттiк органдар қордың қызметiн тексерулерi үшiн қажеттi бухгалтерлiк есеп құжаттары;
      - акционерлер жиналыстары, Бақылау кеңесi және Тексеру комиссиясы мәжiлiстерiнiң хаттамалары;
      - қорға өкiл болуға сенiмхаты бар адамдардың тiзбесi;
      - Бақылау кеңесi мүшелерiнiң және қордың лауазымды адамдарының тiзiмi.
      Акционерлер жиналыстары, Бақылау кеңесi мен тексеру комиссиясы мәжiлiстерiнiң хаттамалары тегiн танысу үшiн жұмыс күнiнiң кез келген уақытында акционерлерге немесе олардың өкiлеттi өкiлдерiне оңай жерде болуға тиiс.
      55. Қаржы тоқсаны аяқталғаннан кейiн 30 күннен кешiктiрмей және қаржы жылы аяқталғаннан кейiн 60 күннен кешiктiрмей инвестициялық жекешелендiру қоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк жекешелендiру қоры қаржы есебiн беруге, сондай-ақ акционерлердiң шолып шығуы үшiн оны баспасөзде жариялауға тиiс, ол өзiне мынадай ақпаратты қамтиды:
      - қор инвестицияларының тiзбесi ашып көрсетiлген бухгалтерлiк баланс (есеп жасалған күнге бағалы қағаздардың саны, түрлерi және ағымдық нарық құны туралы мәлiметтер көрсетiле отырып);
      - пайда мен зиян, сондай-ақ аталған кезең iшiнде төленген дивидендтер туралы есеп;
      - аталған кезеңнiң соңғы күнiндегi қордың таза активтерiнiң инвестициялық жекешелендiру қорлары таза активтерiн бағалау тәртiбi туралы ережеге сәйкес есептелген құны туралы, қор шығарған акциялар саны, есеп жасалған күнге бiр акцияның көрсетiлген бағасы мен ағымдық нарық бағасы туралы анықтама;
      - аталған кезең iшiнде басқарушы мен депозитарий көрсеткен қызметке ақы төлеу мөлшерi;
      - есеп жасалған күнге дейiн өткiзiлмеген инвестициялық жекешелендiру купондарының саны туралы анықтама;
      - қордың Бақылау кеңесi мүшелерiнiң, басқарушының, депозитарийдiң жетекшi адамдары құрамындағы өзгерiстерi туралы мәлiметтер.
      Жыл қорытындысы жөнiндегi қаржы есебiн тәуелсiз аудитор куәландырады.
      Аудиторлық тексеру нәтижелерi бойынша жасалған актi немесе басқа да құжат инвестициялық жекешелендiру қорының қызметi туралы жылдық есептiң ажырамас бөлiгi болып табылады.
      ЕСКЕРТУ. 55-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚР Президентiнiң 1994.02.23. N 1575 қаулысымен.
      56. Инвестициялық жекешелендiру қоры Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне өзiнiң басқарушысы, депозитарийi және тәуелсiз аудиторы туралы мәлiметтердi, инвестициялық жекешелендiру қоры Бақылау кеңесiнiң барлық мүшелерiнiң, депозитарий басшыларының, тәуелсiз аудитордың тiзiмдерiн табыс етедi.
      57. Инвестициялық жекешелендiру қорына инвесторларға жазбаша түрде және жарнама арқылы оңды табысқа немесе инвестициялық жекешелендiру қорының акцияларын сатып алуға кепiлдiк беруге тыйым салынады.
      58. Инвестициялық жекешелендiру қоры пайдаланылмаған инвестициялық жекешелендiру купондарының санын қоса алғанда, қор активтерiнiң құны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында тоқсан сайын есеп жариялап отыруға мiндеттi.

VIII. Тексеру комиссиясы

      59. Тексеру комиссиясының мүшелерiн акционерлердiң жалпы жиналысы тағайындайды. Тексеру комиссиясы кем дегенде үш адамнан тұрады және өз мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен шешiм қабылдайды. Бақылау кеңесiнiң өтiнiшi бойынша Тексеру комиссиясының мүшелерi оның мәжiлiстерiне қатыса алады.
      60. Тексеру комиссиясы Бақылау кеңесiне акционерлердiң жылдық жиналысына дейiн кем дегенде он күн бұрын жылдық тексерудiң нәтижелерi бойынша есеп бередi. Жоспардан тыс тексерудi Тексеру комиссиясы әдеттегi акциялардың кем дегенде 10 процентiн ұстаушылардың немесе Бақылау кеңесi мүшелерi көпшiлiгiнiң жазбаша сұрауы бойынша жүргiзiледi. Қордың Бақылау кеңесi Тексеру комиссиясын барлық қажеттi ақпарат пен құжаттармен дер кезiнде қамтамасыз етуге мiндеттi.

IХ. Инвестициялық жекешелендiру қорын тарату
және қайта құру

      61. Инвестициялық жекешелендiру қоры:
      акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша;
      төрелiк сотының шешiмi бойынша;
      Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарында көзделген басқа негiздер бойынша таратылады.
      Қордың жұмыс iстеп тұрған алғашқы үш жылы iшiнде акционерлердiң жалпы жиналысының шешiмi бойынша инвестициялық жекешелендiру қорын таратуға болмайды.
      Инвестициялық жекешелендiру қоры қызметiнiң алғашқы үш жылы iшiнде оны қайта құруға Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiк жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң келiсiмi болған кезде жол берiледi.
      62. Инвестициялық жекешелендiру қорын өз еркiмен таратуды акционерлердiң жалпы жиналысы тағайындаған тарату комиссиясы, мәжбүрлi таратуды төрелiк сот тағайындаған комиссия жүргiзедi.
      63. Инвестициялық жекешелендiру қорларының заңды ұйымдар мен жеке адамдармен дауларын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес сот және арбитраждық сот қарайды.