Әскери қызметшiлердiң, iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының бұдан былай да әлеуметтiк қорғалуын қамтамасыз ету мақсатында қаулы етемiн:
1. Әскери қызметшiлердiң лауазымдық жалақысы бөлiнген қаражаттар шегiнде N 1-4 қосымшаларға сәйкес белгiленсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Iшкi iстер министрлiгiне, Республика ұланының қолбасшысына, сондай-ақ арнаулы әскери құрамалардың командованиесiне әскери қызметшiлердiң басқа лауазымдары бойынша жалақыны Қарулы күштердiң түрлерi мен әскерлердiң тегiнiң ерекшелiктерiн ескере отырып осы қаулыда көзделген жалақыларға қарайлас, бiрақ 2,4 еседен асырмай белгiлеу құқығы берiлсiн.
3. Күнтiзбе жылының қорытындысы бойынша әскери қызметшiлерге әскерлердiң жоғары жауынгерлiк әзiрлiгiн дәйектi еткенi, қызмет мiндеттерiн абыроймен орындағаны және мiнсiз тәртiбi үшiн үш жалақы мөлшерiнде бiржолғы ақшалай үлес (шалғай жерлердегi қызметi үшiн өсiмiн есепке алмай) және қызмет өткерген жылдары үшiн проценттiк үстеме ақы төленетiн болсын. Әскери қызметшiлерге төленетiн бiрiншi сыйақы 1993 жылдың қорытындылары бойынша аталған мөлшерде жүргiзiлсiн.
4. <*>
ЕСКЕРТУ. 4-тармақ күшiн жойды - Қазақстан Республикасының Президентінің 1997.04.01. N 3436
Жарлығымен.
5. Қызмет өткерген жылдары, штаттың қысқартылуы, мүгедектiлiгi, денсаулық жайына қарай қызметтен босатылған адамдардың зейнетақысы, асырушысынан айырылуға байланысты отбасыларына берiлетiн зейнетақы әскери қызметшiлердiң, қызметте тұратын iшкi iстер органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдарының осы қаулыға байланысты өсiрiлген ақшалай үлесiне қарай қайта есептелсiн.
6. Осы қаулы 1993 жылғы 1 сәуiрден бастап күшiне енгiзiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 23 маусым
N 1284 қаулысына
N 1 қосымша
Негiзгi типтiк лауазымдар бойынша
офицер құрамындағы адамдардың
лауазымдық жалақысы
----------------------------------------!-------------------------
Лауазымдар атауы ! Айлық лауазымдық
! жалақысы (сом есебiмен)
----------------------------------------!-------------------------
Әскерлер бойынша
---------------------
Әскерлер тегiнiң қолбасшысы 70000
Корпус командирi 67000
Дивизия командирi 64000
Бригада командирi 58000
Полк командирi 54000
Батальон командирi 47000
Рота командирi 42000
Взвод командирi 36000
------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 23 маусым
N 1284 қаулысына
N 2 қосымша
Мерзiмнен тыс қызметтегi прапорщиктердiң
(мичмандардың), әскери қызметшiлердiң,
сондай-ақ солдаттар (матростар), сержанттар
(старшиналар), прапорщиктер (мичмандар)
атқаратын лауазымдарда әскери қызмет өткерiп
жүрген әйел әскери қызметшiлердiң
Лауазымдық жалақысы
-------------------------------------!-----------------------------
Тарифтiк разряды ! Айлық лауазымдық жалақысы
! (сом есебiмен)
-------------------------------------!-----------------------------
I 12000 - 14400
II 14400 - 16800
III 16800 - 19200
IV 19200 - 21600
V 21600 - 24000
VI 24000 - 26400
VII 26400 - 28800
VIII 28800 - 31200
IX 31200 - 33600
-------------------------------------------------------------------
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 23 маусым
N 1284 қаулысына
N 3 қосымша
Мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң
Лауазымдық жалақысы
-------------------------------------!-----------------------------
Тарифтiк разрядтар ! Айлық лауазымдық
! жалақысы (сом есебiнен)
-------------------------------------!-----------------------------
I 2400
II 2900
III 3400
IV 3900
V 4400
VI 4900
Ескерту: Офицер құрамдағы лауазымға тағайындалған мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге жалақы прапорщиктерге, мичмандарға және мерзiмнен тыс қызметтегi әскери қызметшiлерге бiрiншi тарифтiк разряд бойынша көзделген лауазымдық жалақының ең аз мөлшерi деңгейiнде төленедi.
Қазақстан Республикасы
Президентiнiң
1993 жылғы 23 маусым
N 1284 қаулысына
N 4 қосымша
Әскери оқу орындары мен әскери бөлiмдер
курсанттарының
Лауазымдық жалақысы
(Кесте)