Алматы шетел тiлдерi педагогикалық институтының ғылыми-педагогикалық және интеллектуалдық әлеуетiн неғұрлым тиiмдi пайдалану, оның материалдық-техникалық базасының, кадрлар әлеуетiнiң жеткiлiктiлiгiн ескере отырып, әлемдiк тiлдердiң кең ауқымы бойынша мамандар даярлаудағы үлесiн арттыру мақсатында қаулы етемiн:
1. Алматы шетел тiлдерi педагогикалық институты Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi бөлген бюджет қаражаты шегiнде Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетi болып қайта құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi халықаралық байланыстарды қаржыландыру, шетел әдебиетiн, осы заманғы оқу-ғылыми жабдықтарын алу үшiн Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетiне жыл сайын валюталық қаражат бөлудi қарастырсын.
3. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетiнiң құрылымын, мамандықтардың номенклатурасын айқындасын, материалдық-техникалық жарақтандырылу мен кадрлар әлеуетiн нығайту жөнiнде шаралар қолдансын.
4. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат министрлiгi, Бiлiм министрлiгi Қазақ мемлекеттiк әлем тiлдерi университетiне баспа қызметiнiң хұқын берсiн және баспа кешенiн құруға қажеттi көмек көрсетсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi