Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс органдары туралы Ереженi бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы. 1993 жылғы 22 маусым N 1273

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде командирлердiң /бастықтардың/ тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының институты құрылуына байланысты қаулы етемiн:
      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiндегi тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс органдары туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Iшкi iстер министрлiгiмен, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiмен және Республикалық ұланның Қолбасшысымен бiрлесiп 1993 жылғы 30 шiлдеге дейiн тәрбие және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс органдары лауазымды адамдарының мiндеттерiн осы Ережеге сәйкес әзiрлеп, бекiтсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Президентi

Қазақстан Республикасы
Президентiнiң   
1993 жылғы 22 маусымдағы
N 1273 қаулысына 
Қосымша 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi тәрбие
және әлеуметтiк-хұқықтық жұмыс органдары туралы
ЕРЕЖЕ

      1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiндегi тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдарын ұйымдастыру принциптерiн, қызмет тәртiбiн және олардың құқығы мен мiндеттерiн анықтайды.
      Бұл Ереже Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi әскерлерiндегi, Республика ұланы мен басқа да әскери құрамалардағы тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдарының қызметiне қолданылады.
      2. Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдары әскерлердiң ұйымдық-штаттық құрылымына, олардың шешетiн мiндеттерiнiң сипатына сәйкес құрылады және әскери басқару органдарының құрамдас бөлiгi болып табылады.
      3. Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдары тиiстi командирлерге /бастықтарға/, жоғары тұрған тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдарына бағынады, әскерлердегi тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыстың ұйымдастырылуына, жеке құрамның моральдық-психологиялық жағдайына, әскери тәртiптiң нығаюына жауап бередi.
      4. Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдары өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын , заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Министрлер Кабинетiнiң актiлерiн, әскери жарғыларды , Қорғаныс министрiнiң, Iшкi iстер министрiнiң, Ұлттық қауiпсiздiк комитетi төрағасының, Республика ұланы қолбасшысының, олардың тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарларының бұйрықтары мен директиваларын, тиiстi командирлердiң /бастықтардың/ бұйрықтарын, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      5. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi түрлерiндегi тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдарының құрамы мен құрылымын Қорғаныс министрi, Iшкi iстер министрi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң төрағасы және Республика ұланының қолбасшысы бекiтедi, ал олардың құқықтары мен мiндеттерiн және қызмет тәртiбiн әскери жарғылар мен осы Ереже анықтайды.
      6. Тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдарының лауазымды адамдары белгiленген тәртiп бойынша тағайындалады.
      7. Тиiстi командирлердiң /бастықтардың/ тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi орынбасарлары тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдарының жұмысына басшылық жасайды, өз өкiлеттiгi шегiнде бүкiл жеке құрамның тiкелей бастығы болып табылады.
      8. Тәрбие және әлеуеттiк-құқықтық жұмыс органдарына мынадай мiндеттер жүктеледi:
      - Қазақстан Республикасының қорғанысы мен қауiпсiздiгi саласында басқа да әскери басқару органдарымен бiрлесiп мемлекет саясатын жүргiзу, әскерлердiң жауынгерлiк және жұмылдыру әзiрлiгiнiң, оқу-жауынгерлiк процестiң сапасына тиiмдi ықпал ететiн шараларды жүзеге асыру;
      - әскерлерде тәрбие жұмысын ұйымдастыру, әскери қызметшiнiң бойына конституциялық борышқа адалдықты қалыптастыру, патриотизм мен интернационализмге, Қазақстан Республикасын қорғауға әзiр тұруға тәрбиелеу;
      - жеке құраммен әлеуметтiк-құқықтық жұмысты ұйымдастыру, әскерлердiң әлеуметтiк дамуы мәселелерi бойынша тиiстi қызметтердiң жұмысын үйлестiру, арыздар мен шағымдарды уақтылы шешу, әскери әдiлет органдарымен бiрлесiп әскерлерге заңгерлiк көмек көрсету;
      - жеке құрам арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, әскерлерде берiк әскери тәртiп пен құқық тәртiбiн сақтау, көп ұлтты әскери ұжымдарды нығайту, қауiпсiз әскери қызметке қажеттi жағдайды қамтамасыз ету шараларын әзiрлеп, жүзеге асыру;
      - әскери басқару органдарын ақпаратпен қамтамасыз етудi, жеке құрамның объективтi және жедел хабардар болуын, оның қоғамдық-адамгершiлiк және құқықтық әзiрлiгiн ұйымдастыру;
      - әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң, жұмысшылар мен қызметшiлердiң мұқтажы мен тiлек-талабын зерделеу, әлеуметтiк әдiлдiктiң принциптерiн сақтау шараларын дайындау мен iске асыру, қарамағындағылардың құқықтарын қамтамасыз ету жөнiнде тиiстi командирлерге /бастықтарға/ ұсыныс енгiзу;
      - әскер орналасқан аудандардағы қоғамдық-саяси жағдайларды зерделеу, әскерлердiң алдында тұрған мiндеттердi шешудiң мүддесi үшiн жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдармен, заңға сәйкес жұмыс iстейтiн қоғамдық бiрлестiктермен, шығармашылық одақтармен, дiни конфессиялармен байланыс орнатып, оны дамыту;
      - әскери ұжымдардағы қоғамдық кеңестер мен комиссияларға әдiстемелiк көмек көрсету;
      - әскери бөлiмдерде жеке адам құрамына мәдени қызмет көрсетудi және оның бос уақытын дұрыс өткiзуiн ұйымдастыру;
      - әскери бұқаралық ақпарат құралдарына басшылық ету, мемлекеттiк және басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара бiрлесiп iс-әрекет жасау, мерзiмдi басылымдарға жазылуды ұйымдастыру;
      - әскери тәртiптi нығайту, тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс жөнiндегi озық тәжiрибенi қорыту мен енгiзу;
      - кадрлар саясатын жүргiзуге, оларды орналастыруға, құқықтық негiзде дара басшылықты күшейту шараларын өткiзуге, әскери кадрларды тәрбие жұмысының практикасына баулу iсiне қатысу;
      - тәрбие және әлеуметтiк-құқықтық жұмыс органдарының лауазымды адамдарын iрiктеудi, оқытуды, орналастыруды және тәрбиелеудi ұйымдастыру;
      - шақырылған және шақыруға дейiнгi жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мен әскери-кәсiптiк бағдарлауды ұйымдастыру;
      - қарамағындағы әскери телерадио хабарын тарату құралдарына, әскери мәдениет мекемелерiне, жалпы бiлiм беретiн мектептер мен мектепке дейiнгi мекемелерге, полиграфия мекемелерiне басшылық жасау;
      - әскерлердi тәрбие жұмысының техникалық құрал-жабдығымен, оқу-әдiстемелiк құралдармен, бос уақытты мәдениеттi өткiзуге қажеттi басқа да мүлiкпен және материалдармен қамтамасыз ету;
      - қарауындағы мекемелер мен ұйымдардың тәрбие жұмысын жүргiзуге бөлiнген қаржыны жұмсауын бақылау, олардың қаржы-шаруашылық қызметiне басшылық жасау.