Қарағанды қаласында тұрмыстық тоңазытқыштар өндiрiсiн ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 1993 жылғы 22 маусым N 1259. Күші жойылды - ҚР Президентінің 2006.01.09. N 1696 жарлығымен.

Күшін жойған

      Қарағанды қаласында тұрмыстық тоңазытқыштар өндiру бағдарламасының жүзеге асырылуын жеделдету мақсатында қаулы етемiн: 
      Қарағанды металлургия комбинаты, "Жезқазғантүстiмет" ҒӨБ, "Өскемен қорғасын-мырыш комбинаты" акционерлiк қоғамы, "Қарағандыкөмiр" ӨБ экспортқа өнiм берiп тұрғаны үшiн алатын валюта түсiмiнiң бiр бөлiгi /30 процентi/ тұрмыстық тоңазытқыштар өндiрiсiне арналған қажеттi технологиялар мен жабдықтарды сатып алуға жұмсалатыны ескерiлiп, бұл қаржыны мiндеттi түрде сатудан босатылсын. 

       Қазақстан Республикасының
      Президентi