Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң құрылымы туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қаулысы 19 наурыз 1992 ж. N 690.
Қолданыстағы1. Республикалық, облыстық және аудандық деңгейде ұстау шығындары республикалық бюджеттен орталықтандырылып қаржыландырылатын жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк басқару органдарының бiртұтас сатылы жүйесi құрылсын.
2. Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi облыстық және аудандық комитеттер Қазақстан Республикасының Жер қатынастары және жерге орналастыру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң территориялық органдары қарамағына берiлсiн.
Қазақстан Республикасының
Президентi