Азаматтық мақсаттағы, соның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге № 2 қосымшаның 21-тармағына өзгеріс енгізу туралы

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2025 жылғы 7 шілдедегі № 68 шешімі

      Үшінші елдерге қатысты тарифтік емес реттеу шаралары туралы хаттаманың (2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа № 7 қосымша) 4 және 37-тармақтарына сәйкес Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы шешті:

      1. Азаматтық мақсаттағы, соның ішінде кіріктірілген не басқа тауарлар құрамына кіретін радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына әкелу туралы ережеге № 2 қосымшаның 21-тармағы (Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 30 шешіміне № 15 қосымша) үшінші абзацтан кейін мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:

      "23,6 МГц +/– 1,06% немесе 23,35 – 23,85 МГц;".

      2. Осы Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.

      Еуразиялық экономикалық комиссия
Алқасының Төрағасы
Б. Сағынтаев