БҰЙЫРАМЫН:
1. "Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды бекіту және "Еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті органдар ұсынған әкімшілік деректерді жинауға арналған нысандарды және оларды толтыру жөніндегі нұсқауларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 23 маусымдағы № 509 бұйрығының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 988 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14625 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
2), 4) және 5) тармақшалар алып тасталсын;
жоғарыда көрсетілген бұйрыққа 1 және 3-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны мемлекеттік және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жақыпова |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика бюросы
бұйрығына 1-қосымша Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 988 бұйрығына 1-қосымша Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне ұсынылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет- ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit?lang=ru.
Әкімшілік нысанның атауы: Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі өтеусіз негізде: 1-МЕИЖМ.
Жиілігі: ай сайын.
Есепті кезең 20 ___ жылғы _____ай.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған режимде есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне (қоса алғанда) дейін.
БСН: |
Жинау әдісі - электронды түрде
Өңір |
Жүргізілген тексерулер саны | оның ішінде |
Анықталған | Бұзушылықтар жойылды | Ұйғарым берілді | |
профилактикалық бақылау | жоспардан тыс | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
Кестенің жалғасы
Салынған әкімшілік айыппұлдар саны (барлығы) | Әкімшілік айыппұлдар сомасы (мың теңге) | Тоқтатылған (тыйым салынған) жұмыс | Жұмысы нан шеттетілген жұмыскерлердің саны (адам) | Мемлекеттік еңбек инспекторлары жазатайым оқиғаға жүргізген тергеулер саны (аяқталған) Барлығы (бірлік) | Құқық қорғау органдарына берілген материалдардың саны | Жазатайым оқиғаға арнайы тергеп-тексеру материалдары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың саны Барлығы (бірлік) | |||
станоктар, жабдықтар | өндірістік объетілер | ұйымдардың қызметі | Барлығы (бірлік) | оның ішінде қозғалған қылмыстық істер | |||||
8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________________
Телефон ____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы _______________________________________
Орындаушы: ___________________________________ ___________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға:
_____________________________________________ ______________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Күні: 20__ жылғы "___" _________________
Мөр орны (бар болса)
"Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанға қосымша |
"Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі 1-МЕИЖМ, кезеңділігі ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша осы түсіндірме "Мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін қалыптастыруға арналған бірыңғай талаптарды (бұдан әрі – Нысан) анықтайды.
2. Осы нысанды жүргізудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.
3. Нысан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" ақпараттық жүйесінен автоматты түрде қалыптастырылады және жүктеледі.
4. Көрсеткіштер нақты деректер бойынша ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне қалыптастырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсіндірме
1. 1-бағанда өңірлердің атаулары ҚР ҰЖ 11-2025 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.
2. 2-бағанда жүргізілген тексерулер саны жеке және заңды тұлғаларға қатысты көрсетіледі.
3. 3-бағанда оның ішінде профилактикалық бақылау көрсетіледі.
4. 4-бағанда оның ішінде жоспардан тыс тексерулер көрсетіледі.
5. 5-бағанда анықталған бұзушылықтардың саны көрсетіледі.
6. 6-бағанда жойылған бұзушылықтардың саны көрсетіледі.
7. 7-бағанда берілген нұсқамалардың саны көрсетіледі.
8. 8-бағанда салынған әкімшілік айыппұлдардың саны көрсетіледі.
9. 9-бағанда әкімшілік айыппұлдардың сомасы (мың теңге) көрсетіледі.
10. 10-бағанда жұмыстың, оның ішінде станоктардың, жабдықтардың тоқтатылғаны (тыйым салынды) көрсетіледі.
11. 11-бағанда жұмыстың, оның ішінде өндірістік объектілердің тоқтатылғаны (тыйым салынғаны) көрсетіледі.
12. 12-бағанда жұмыстың, оның ішінде ұйымдардың қызметі тоқтатылғаны (тыйым салынғаны) көрсетіледі.
13. 13-бағанда жұмыстан шеттетілген жұмыскерлердің саны көрсетіледі.
14. 14-бағанда мемлекеттік еңбек инспекторлары жүргізген жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру саны (аяқталған) көрсетіледі.
15. 15-бағанда құқық қорғау органдарына берілген материалдардың саны көрсетіледі.
16. 16-бағанда қозғалған қылмыстық істердің саны көрсетіледі.
17. 17-бағанда жазатайым оқиғаны арнайы тергеп-тексеру материалдары бойынша қылмыстық жауаптылыққа тартылған адамдардың саны көрсетіледі.
бұйрығына 2-қосымша | |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 28 қарашадағы № 988 бұйрығына 3-қосымша |
|
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан |
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетіне ұсынылады.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан өтеусіз негізде интернет- ресурста орналастырылған: https://www.gov.kz/memleket/entities/kgit?lang=ru.
Әкімшілік нысанның атауы: Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер.
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан индексі өтеусіз негізде: 2-ӨЖ.
Жиілігі: ай сайын.
Есепті кезең 20 ___ жылғы _____ай.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсынатын тұлғалар тобы: еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның аумақтық бөлімшелері.
Әкімшілік деректерді өтеусіз негізде жинауға арналған нысанды ұсыну мерзімі: "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" ақпараттық жүйесінде автоматтандырылған режимде есепті кезеңнен кейінгі айдың 3-күніне (қоса алғанда) дейін.
БСН: |
Жинау әдісі - электронды түрде
Өңір | Барлығы жазатайым оқиғалар саны (бірлік) | Оның ішінде топтық (бірлік) | Барлығы зардап шеккендер саны (адам) | оның ішінде | |||
Топтық жазатайым оқиғаларда зардап шеккендердің саны (адам) | Жеңіл және орташа дәрежедегі зардап шеккендердің саны (адам) | Ауыр нәтижемен зардап шеккендер саны (адам) | Қаза тапқандар саны (адам) | ||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
Атауы ______________________________________________________________
Мекенжайы__________________________________________________________
Телефон ____________________________________________________________
Электрондық пошта мекенжайы________________________________________
Орындаушы: ___________________________________ ___________________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға:
_____________________________________________ ______________
Тегі, аты және әкесінің аты (бар болса) қолы
Күні: 20__ жылғы "___" _________________
Мөр орны (бар болса)
"Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер" өтеусіз негізде әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі 2-ӨЖ, кезеңділігі ай сайын)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. "Өндірістік жарақаттанудың жай-күйі туралы мәліметтер" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру жөніндегі осы түсіндірме мемлекеттік еңбек инспекторларының жұмысы туралы мәліметтер әкімшілік деректерін қалыптастыруға арналған нысанды толтыру тәртібін (бұдан әрі - Нысан) регламенттейді.
2. Осы нысанды жүргізудің негізгі міндеті Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуына мониторингті жүзеге асыру болып табылады.
3. Нысан "Еңбекті қорғау және қауіпсіздік" ақпараттық жүйесінен автоматты түрде қалыптастырылады және жүктеледі.
4. Көрсеткіштер нақты деректер бойынша ағымдағы есепті кезеңнің бірінші күніне қалыптастырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру жөніндегі түсіндірме
1. 1-бағанда өңірлердің атаулары ҚР ҰЖ 11-2025 Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішіне сәйкес көрсетіледі.
2. 2-бағанда жазатайым оқиғалардың саны көрсетіледі.
3. 3-бағанда топтық жазатайым оқиғалардың саны көрсетіледі.
4. 4-бағанда зардап шеккендердің саны көрсетіледі.
5. 5-бағанда топтық жазатайым оқиғалардан зардап шеккендердің саны көрсетіледі.
6. 6-бағанда жеңіл және орташа дәрежедегі зардап шеккендердің саны көрсетіледі.
7. 7-бағанда ауыр нәтижемен зардап шеккендердің саны көрсетіледі.
8. 8-бағанда қаза болғандардың саны көрсетіледі.