Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 26 қарашадағы № 726 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 4 сәуірдегі № 149 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:

      3 "Сыртқы саяси қызмет" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 164 бюджеттік бағдарламасы бар 608 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "608 Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк қызмет iстерi агенттiгi

      164 Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен ынтымақтастығы шеңберінде Қазақстанның Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының бастамалары мен құралдарына қатысуын қамтамасыз ету";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      1 "Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту" функционалдық кіші тобында:

      224 "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 107 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "107 Түркістан облысының бюджетіне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының педагогтеріне экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" функционалдық кіші тобында:

      224 "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      004 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 127 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "127 Түркістан облысының бюджетіне орта білім беру ұйымдарының педагогтеріне экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      4 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" функционалдық кіші тобында:

      224 "Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      006 "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 109 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "109 Түркістан облысының бюджетіне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі мемлекеттік білім беру ұйымдарының педагогтеріне экологиялық дағдарыс жағдайына жақындаған аймақта жұмыс істегені үшін қосымша ақы төлеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      229 "Қазақстан Республикасының Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      229 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 130 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "130 "Энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту" Ұлттық жобасы аясында техникалық оператордың қызметтеріне ақы төлеу";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      768 "Облыстың дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      053 ""Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымдарды дамыту" бюджеттік бағдарламаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "053 "Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      410 "Негiзгi құралдарды, материалдық емес және биологиялық активтерді сатып алу" кіші сыныбында:

      "


413

Көлік құралдарын сатып алу

Көлік құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алу жұмсалатын шығындар көрсетіледі.


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


413

Көлік құралдарын сатып алу

Көлік құралдарын, оның ішінде лизинг шарты шеңберінде сатып алуға арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы көлік құралдарын сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі.


      ";

      "


414

Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу

Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы көлік құралдарды сатып алу жұмсалатын шығындар көрсетіледі.


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


414

Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын сатып алу

Машиналар, жабдықтар, өндірістік және шаруашылық мүккамал құралдарын, оның ішінде лизинг шарты шеңберінде сатып алуға арналған шығындар. Сондай-ақ осы ерекшелік бойынша әскери мақсаттағы жабдықтарды сатып алуға арналған шығындар көрсетіледі.


      ";

      "


418

Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру.


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


418

Мемлекеттік кәсіпорындарды материалдық-техникалық жарақтандыру

Негізгі құралдарды, оның ішінде лизинг шарты шеңберінде және материалдық емес активтерді сатып алу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыру.


      ";

      "


419

Өзге де негізгі құралдарды сатып алу

411, 412, 413 және 414 ерекшеліктер бойынша көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарын сатып алуға жұмсалатын шығындар


      "

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "


419

Өзге де негізгі құралдарды сатып алу

411, 412, 413 және 414 ерекшелiктер бойынша, оның ішінде лизинг шарты шеңберінде көрсетілмеген өзге де негізгі құралдарды сатып алуға арналған шығындар.


      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында оның орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев