"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2025 жылғы 17 қазандағы № 774 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары, аумақтық органдары туралы ережелерді және оқу орындарының жарлықтарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде № 83956 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының жарғысында:

      9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Академияның орналасқан жері: 010000, Қазақстан Республикасы Астана қаласы Мәңгілік ел даңғылы, 55 Б.";

      17-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) Қазақстан Республикасының, оның ішінде шет мемлекеттердің ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне, басқа да құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарының қызметкерлеріне білім беру қызметтерін көрсету;".

      2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаменті (О.С. Мырзабеков) осы бұйрықты қол қойылған күннен бастап күнтізбелік жиырма күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасы Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Басқару академиясының бастығы Жарғыда көрсетілген өзгерістерді әділет органдарында тіркеу бойынша шаралар қабылдасын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына және Жеке құраммен жұмыс жөніндегі департаментіне (О.С. Мырзабеков) жүктелсін.

      5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты
Е. Саденов