Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 6 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешімінің күшін жою туралы

Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 24 маусымдағы № 10 шешімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңдарына сәйкес, облыс әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы әкімінің 2024 жылғы 1 сәуірдегі № 6 "Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде 2024 жылы 2 сәуірде № 195053 жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Н.Төреғалиев