Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесінде құтыру ауруы бойынша шектеу шараларын алып тастау туралы

Түркістан облысы Төлеби ауданының Киелітас ауылдық округi әкiмiнiң 2024 жылғы 4 қаңтарда № 01 шешiмi

Қолданыстағы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Құқықтық актілер туралы" Заңдары және Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 8) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Төлеби аудандық аумақтық инспекциясының 2024 жылғы 3 қаңтардағы №08-02-07/01 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені Ынтымақ көшесінде құтыру ауруы бойынша шектеу шаралары алынсын.

      2. Киелітас ауылдық округі әкімінің 27.10.2023 жылғы "Киелітас ауылдық округі, Киелітас елді мекені, Ынтымақ көшесіне құтыру ауруы бойынша шектеу шараларын белгілеу туралы" № 46 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын қадағалау ауылдық округ әкімінің орынбасары Н.Садықбековке жүктелсін.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледi.

      Киелітас ауылдық округінің әкімі П.Туребеков