"Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы № 40 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы"

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2024 жылғы 29 ақпандағы № 52/нс бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 26 мамырдағы №40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11442 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы";

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 69-бабының 2-тармағына және "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 73-бабының 4-тармағына және 77-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.";

      аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлікпен қамтамасыз етудің заттай нормаларында:

      норманың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының жекелеген санаттағы қызметкерлерін қызметті өткеру ерекшеліктерін ескере отырып, азық-түлік үлесімен қамтамасыз етудің заттай нормалары";

      аталған нормаларға ескертпеде 1, 2, 3, 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Жалпы үлес нормасы бойынша:

      оқу-жаттығуларға қатысушы, сондай-ақ арнайы жиындарға қатысушы (далалық жағдайда) қызметкерлер, егер бұл іс-шаралар бір тәуліктен асатын болса;

      тәуліктік наряд құрамына кіретін, жауынгерлік кезекшілік және/немесе жауынгерлік қызметті (жауынгерлік қызметті 24 сағаттық режимде атқару кезінде) атқарушы қызметкерлер;

      әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар салдарын жоюға қатысушы қызметкерлер, егер жоюды жүргізу уақыты бір тәуліктен асатын болса;

      әскери, арнаулы оқу орындарына түсуге жіберілген Қазақстан Республикасының азаматтары, келген күнінен бастап әскери, арнаулы оқу орындарына қабылданған немесе іріктеу кезінде қабылдаудан бас тартқан күнге дейін қамтамасыз етіледі.

      Әлеуметтік, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлар зардабын жоюға қатысушылардан басқа қызметкерлерге алмастыру нормаларына сәйкес құрғақ азық-түлік үлесін беруге рұқсат етіледі.

      2. Әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттарына, тыңдаушыларына арналған үлес нормасы бойынша казармалық жағдайдағы әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары оқу мерзімінің барлық кезеңі ішінде оқуға қабылданған күнінен бастап қамтамасыз етіледі.

      3. Арнаулы бөлімшелерге арналған үлес нормасы бойынша арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің мынадай қызметкерлері қамтамасыз етіледі:

      оқу-жаттығуларға қатысушы, егер аталған іс-шараларды өткізу уақыты бір тәуліктен асатын болса;

      арнайы жиындардан өтуші (далалық жағдайда), егер іс-шараларды өткізу уақыты бір тәуліктен асатын болса;

      жауынгерлік кезекшілік және/немесе жауынгерлік қызмет атқарушы (жауынгерлік қызметті 24 сағаттық режимде атқару кезінде) сондай-ақ парашютпен секіретін күндері.

      Арнаулы мақсаттағы бөлімшелердің қызметкерлеріне алмастыру нормаларына сәйкес құрғақ азық-түлік үлесін беруге рұқсат етіледі.";

      "7. Жауынгерлік кезекшілік және/немесе жауынгерлік қызметті (жауынгерлік қызметті 24 сағаттық режимде атқару кезінде) атқарушы қызметкерлер, егер жауынгерлік кезекшілік және/немесе жауынгерлік қызметін өткізу уақыты екі сағаттан кем болмаған жағдайда түнгі сағат 22.00-ден 6.00-ге дейін қосымша үлес нормасы бойынша қамтамасыз етіледі.

      8. Қосымша мерекелік үлес нормасы бойынша әскери, арнаулы оқу орындарының курсанттары, тыңдаушылары мемлекеттік мереке, ант қабылдау күндерінде, сондай-ақ жауынгерлік кезекшілік және/немесе жауынгерлік қызмет (жауынгерлік қызметті 24 сағаттық режимде атқару кезінде) атқаратын қызметкерлер қамтамасыз етіледі.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қаржылық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету қызметінің Экономика және қаржы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің интернет-ресурсына орналастыруды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2016 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiн, Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдағаннан кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты
Е. Сағымбаев

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
__________________
20__ жылғы "___" ____