БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінiң "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Ақпараттық қауіпсіздік, аэроғарыш, жасанды интеллект және инновацияларды дамыту, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер және телекоммуникациялар комитеттері осы бұйрықтан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрлеріне жүктелсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
| Министр | Ж. Мәдиев |
| Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 784/НҚ бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 21.10.2025 № 527/НҚ бұйрығымен.
2. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 21.10.2025 № 526/НҚ бұйрығымен.
3. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 9 тамыздағы № 189/НҚ бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Телекоммуникациялар комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) Бюджет қаражаты есебінен салынған телекоммуникация желілері мен кәбілдік кәрізге түгендеу жүргізу, сондай-ақ оларды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшасымен толықтырылсын:
"14-1) байланыс операторларының абоненттер туралы қызметтік ақпаратты жинау мен сақтауды жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 16-1), 16-2), 16-3) және 16-4) тармақшалармен толықтырылсын:
"16-1) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін және филателиялық өнімді шығару, өткізу қағидаларын әзірлеу;
16-2) пошта төлемiнiң мемлекеттiк белгілерiн айналымға енгізуді жүзеге асыру;
16-3) филателиялық өнім ретінде пайдалану мақсатында пошта төлемінің мемлекеттік белгісін пошта айналымынан алуды жүзеге асыру;
16-4) пошта төлемi белгiлерiнiң мемлекеттiк коллекциясын қалыптастыру;";
17) тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"17) арнаулы мақсаттағы телекоммуникация желілерінің объектілерін қоспағанда, байланыс саласындағы қызметті жүзеге асыратын және радиожиілік спектрін пайдаланатын шаруашылық жүргізуші субъектілердің байланыс объектілеріне белгіленген тәртіппен тексерулер жүргізу үшін қызметтік куәлігін немесе сәйкестендіру картасын (ID card) көрсету арқылы кіру;";
мынадай мазмұндағы 22-1) тармақшамен толықтырылсын:
"22-1) байланыс желілерін салу, пайдалану және дамыту мәселелері жөнінде шешімдер қабылдау кезінде жеке және заңды тұлғалардың ұлттық қауіпсіздікті сақтау талаптарын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 47-1) тармақшамен толықтырылсын:
"47-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігімен және Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен келісу бойынша заңсыз пайдаланылатын радиоэлектрондық құралдардың, оның ішінде байланыс сигналдарын күшейткіштердің, жоғары жиілікті құрылғылардың, радиосигналды бұғаттауға арналған арнаулы техникалық жабдықтың жұмысын анықтау және оның жолын кесу қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 51-1) тармақшамен толықтырылсын:
"51-1) радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізу қағидалары мен радиожиілік спектрінің конверсиясын жүргізуге жұмсалатын шығындардың техникалық-экономикалық негіздемесінің әдістемесін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 57-1) тармақшамен толықтырылсын:
"57-1) Халықаралық электр байланысы одағының радиобайланыс регламентіне сәйкес радиожиілік спектрін перспективалы пайдалану жоспарын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:
"63-1) цифрлық технологияларды енгізу мақсатында ауыл шаруашылығындағы және өнеркәсіп объектілеріндегі байланыстың көрсетілетін қызметтерін субсидиялау қағидаларын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 64-1) тармақшамен толықтырылсын:
"64-1) байланыс құралдарын, сондай-ақ талшықты-оптикалық байланыс желілерін тарту үшін электр берудің әуе желілерінің тіреуіштерін орналастыру үшін орындарды мүліктік жалдауға (жалға беруге) арналған шекті тарифтерді әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 68-1), 68-2) және 68-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"68-1) Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілерін иеленушілердің дүлей зілзалалардан (жер сiлкiнiсi, сел, көшкiн, су тасқыны және басқалар), дағдарысты экологиялық жағдайлардан, табиғи өрттерден, эпидемиялардан болған әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қатері төнген және туындаған кезде біріктірілген деректерді беру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;
68-2) әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай қатері төнген немесе туындаған, сондай-ақ төтенше жағдай енгізілген кезде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тізбе бойынша үкiметтiк байланысты, шұғыл қызметтердің байланыс желілері мен құралдарын қоспағанда, байланыс желiлерi мен құралдарын басымдықпен пайдалануға, сондай-ақ олардың қызметiн тоқтата тұруға құқығы бар мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасай отырып, байланыс желілерін басқару;
68-3) ұялы байланыстың абоненттік құрылғылары арқылы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы халықты орталықтандырылған шұғыл хабардар етуді қамтамасыз ету;";
мынадай мазмұндағы 70-1) тармақшамен толықтырылсын:
"70-1) пошта байланысының әмбебап көрсетілетін қызметтерінің сапа көрсеткіштерін әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 80-1) тармақшамен толықтырылсын:
"80-1) бірлесіп пайдалану тіреуіштеріне телекоммуникация құралдарын орналастыру тәртібін әзірлеу;";
87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"87) пошта төлемінің мемлекеттік белгілерін қоспағанда, пошта операторының пошта төлемі белгілерін келісуі, оны пайдалану тәртібін және пошта операторының пошта төлемі белгілеріне қойылатын талаптарды әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 101-1) тармақшамен толықтырылсын:
"101-1) Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті айқындаған байланыс желілері мен құралдарына қойылатын талаптарды және жедел-іздестіру, қарсы барлау іс-шараларын техникалық тұрғыдан жүргізу үшін байланыс операторларының және (немесе) байланыс желілері иелерінің өздерінің телекоммуникациялық жабдығының функцияларын өз қаражаты немесе тартылған қаражат есебінен қамтамасыз ету тәртібін келісу;";
мынадай мазмұндағы 110-1) тармақшамен толықтырылсын:
"110-1) Ұлттық пошта операторының пошта байланысының көрсетілетін қызметтерін жүзеге асыруы кезінде оның қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауын бақылауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 111-1) тармақшамен толықтырылсын:
"111-1) Қазақстан Республикасының аумағында байланыс инфрақұрылымының қолжетімділігін ұйымдастыру;";
мынадай мазмұндағы 115-1), 115-2), 115-3), 115-4), 115-5), 115-6) және 115-7) тармақшалармен толықтырылсын:
"115-1) өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасында пошта қызметін жетілдіруге және дамытуға бағытталған пошта саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және олардың іске асырылуын ұйымдастыру;
115-2) телекоммуникация желілерінде Қазақстан Республикасының балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
115-3) деректерді өңдеу орталықтарының халықаралық немесе ұлттық техникалық аудиттен өту қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;
115-4) деректерді өңдеу орталығының қызметін ұйымдастыру қағидаларын Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетімен келісу бойынша әзірлеу;
115-5) әлеуметтік тұрғыдан қорғалатын азаматтарға телекоммуникация қызметтерін көрсеткені үшін абоненттік төлемақы тарифінің көтерілуіне өтемақы төлеудің қағидаларын әзірлеу;
115-6) ұлттық қауіпсіздік органдарымен келісу бойынша геостационарлық емес спутниктерді қолдана отырып, байланыс желілерін пайдалану тәртібін әзірлеу;
115-7) субсидиялау мөлшерін есептеуді және Министрліктің байланыс операторларына әмбебап қызметтер көрсету жөніндегі міндеттерді жүктеуі тәртібін қоса алғанда, әмбебап қызмет көрсету операторларын айқындау жөніндегі конкурсты өткізу қағидаларын, байланыс операторларына қойылатын байланыстың әмбебап қызметтерін көрсету жөніндегі талаптарды және байланыстың әмбебап көрсетілетін қызметтерінің тізбесін әзірлеу;".
4. Күші жойылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 22.10.2025 № 528/НҚ бұйрығымен.5. "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2024 жылғы 17 мамырдағы № 278/НҚ бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Жасанды интеллект және инновацияларды дамыту комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесінде:
мынадай мазмұндағы 12-1) тармақшамен толықтырылсын:
"12-1) нысаналы технологиялық бағдарламаларды әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 13-1), 13-2) және 13-3) тармақшалармен толықтырылсын:
"13-1) инновациялық жобаларды сынамалауға арналған эксперименттік режимдерге бастама жасау қағидаларын әзірлеу;
13-2) инновациялық қызметті дамытудың ұлттық индексін есептеу әдістемесін әзірлеу;
13-3) инновациялық қызмет сыныптамасын әзірлеу;";
мынадай мазмұндағы 26-1) және 26-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"26-1) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
26-2) тиісті саладағы ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру саласында кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі бағдарламаны іске асыруға қатысу;";
42) тармақша алынып тасталсын;
52) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"52) цифрлық активтер саласында, сондай-ақ қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруды және олардың айналымын жүзеге асыратын тұлғалардың Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 52-1), 52-2), 52-3), 52-4) және 52-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"52-1) Қазақстан Республикасының аумағында танылатын қамтамасыз етілген цифрлық актив түрлерінің тізбесін әзірлеу;
52-2) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару және олардың айналымы тәртібін әзірлеу;
52-3) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын тұлғалардың мемлекеттік тізілімін жүргізу;
52-4) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығару туралы шешімді ресімдеу қағидаларын әзірлеу;
52-5) қамтамасыз етілген цифрлық активтерді шығаруға және олардың айналысына рұқсат беру;";
мынадай мазмұндағы 55-1) тармақшамен толықтырылсын:
"55-1) ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүргізу және қазіргі заманғы технологияларды ендіру;";
мынадай мазмұндағы 61-1), 61-2), 61-3), 61-4) және 61-5) тармақшалармен толықтырылсын:
"61-1) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамыту үшін жағдайлар жасау;
61-2) өңірлерде мемлекеттік технологиялық саясаттың іске асырылуын мониторингтеуді жүзеге асыру қағидаларын әзірлеу;
61-3) өнеркәсіптік-инновациялық қызмет субъектілері ұсынатын мамандарға деген қажеттілік туралы мәліметтер негізінде экономиканың басым секторлары үшін мамандар даярлау талап етілетін мамандықтар тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстарды қалыптастыру және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға жіберу;
61-4) ұлттық инновациялық жүйенің "Бірыңғай терезе" ақпараттық жүйесін басқару, жүргізу, қолдап отыру, оның жұмыс істеуін және пайдаланылуын қамтамасыз ету;
61-5) жасанды интеллект технологияларын дамыту саласындағы нормативтік құқықтық реттеу бойынша ұсыныстар әзірлеу және іске асыру;";
мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:
"73-1) электрондық өнеркәсіп саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру және халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіру;".