Алтай ауданындағы қалаішілік автобус бағыттарының тұрақты рейстеріне тарифті бекіту туралы

Шығыс Қазақстан облысы Алтай ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 21 шілдедегі № 458 қаулысы

Қолданыстағы

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19 – бабына сәйкес Алтай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алтай және Серебрянск қалаларында жолаушылар мен багажды қалалық көлік қатынасында тұрақты автомобильмен тасымалдаудың барлық бағыттарына бірыңғай тарифі 120 (жүз жиырма) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. "Зырян және Серебрянск қалаларының аумағында жолаушылар мен багажды қалалық қатынаста автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифін барлық бағыттары үшін белгілеу туралы" Зырян ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 11 желтоқсандағы № 451 қаулысының (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 5375 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алтай ауданының әкімі Е. Мустафин
      КЕЛІСІЛДІ:
Алтай ауданының
мәслихатының төрағасы
________________
"21" шілде 2023 жылғы
Л. Гречушникова