"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2023 жылғы 24 шiлдедегi № 788 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      496 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      028 "Коммуналдық шаруашылықты дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      11 "Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі" функционалдық тобында:

      9 "Өнеркәсiп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 003 бюджеттік бағдарламасы бар 344 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "344 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың сәулет, қала құрылысы және жер қатынастары басқармасы

      003 Қаланың сәулеттік-көркемдік келбетін сақтау бойынша қызметті қамтамасыз ету";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      4 "Әуе көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 031 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "031 Коммуналдық меншiктегi әуежайларды субсидиялау

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 096 бюджеттік бағдарламасымен 739 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "739 Облыстың ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасы

      096 Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар бойынша мемлекеттік міндеттемелерді орындау

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      160 "Басқа да ағымдағы шығындар" кіші сыныбында:

      жол

      "


163

Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары

"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердегi аз қамтылған отбасылардан шыққан аса мұқтаж оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге арналған шығындар.

Киiмдердi, аяқ киiмдердi, оқулықтарды, оқу құралдарын, мектеп жазба керек жарақтарын сатып алу; ақшалай көмек көрсету; санаторий-курорттық мекемелерге және демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алу; оқушылардың мәдени бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз ету

      "

      мынадай редакцияда жазылсын:

      "


163

Жалпыға бiрдей мiндеттi орта бiлiм қорының шығындары

"Бiлiм туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес мемлекеттiк жалпы бiлiм беретiн мектептердегi аз қамтылған отбасылардан шыққан аса мұқтаж оқушыларға қаржылық және материалдық көмек көрсетуге арналған шығындар.

Киiмдердi, аяқ киiмдердi, оқулықтарды, оқу құралдарын, мектеп жазба керек жарақтарын сатып алу; ақшалай көмек көрсету; санаторий-курорттық мекемелерге және демалыс лагерлерiне жолдамалар сатып алу; оқушылардың мәдени бұқаралық және спорттық iс-шараларға қатысуын қаржылық қамтамасыз ету, жалпы білім беретін пәндер бойынша қосымша сабақтар ұйымдастыру

      ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
міндетін атқарушы
Е. Біржанов