"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 24 ақпандағы № 207 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      1 "Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 029 бюджеттік бағдарламасымен 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "123 Қаладағы аудан әкімінің аппараты

      029 Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдарының қызметін қамтамасыз ету

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      06 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық тобында:

      1 "Әлеуметтiк қамсыздандыру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 056 және 057 бюджеттік бағдарламаларымен 123 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "123 Қаладағы аудан әкімінің аппараты

      056 Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      057 Атаулы мемлекеттік әлеуметтік көмек алушылар болып табылатын жеке тұлғаларды телевизиялық абоненттiк жалғамалармен қамтамасыз ету

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      029 "Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жұмыс берушінің шығындарын субсидиялау" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      2 "Әлеуметтiк көмек" функционалдық кіші тобында:

      123 "Қаладағы аудан әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мындай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 030, 031, 033 және 034 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "030 Тұрғын үй көмегін көрсету

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      031 Жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген топтарына әлеуметтік көмек

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      033 Оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мұқтаж мүгедектігі бар адамдарды мiндеттi гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету, қозғалуға қиындығы бар бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдарға жеке көмекшінің және есту бойынша мүгедектігі бар адамдарға қолмен көрсететiн тіл маманының қызметтерін ұсыну

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      034 Белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдарды әлеуметтік бейімдеу

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      мындай мазмұндағы 101, 102, 103, 104, 105 және 106 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 035 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "035 Мүгедектігі бар адамдарға әлеуметтік қолдау

      101 Мүгедектігі бар мұқтаж адамдарға әлеуметтік көмектің қосымша түрлері

      102 Мүгедектігі бар адамдарды және мүгедектігі бар балаларды мүгедектігі бар адамдарды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес санаторий-курорттық емделумен қамтамасыз ету

      103 Мүгедектігі бар адамды оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды техникалық көмекші (орнын толтырушы) құралдармен және (немесе) арнаулы жүріп-тұру құралдарымен қамтамасыз ету

      104 Үйден тәрбиеленіп оқытылатын мүгедектігі бар балаларды материалдық қамтамасыз ету

      105 Мүгедектігі бар адамдар мен ардагерлерді оңалту

      106 Протездеу, протездік-ортопедиялық құралдармен қамтамасыз ету және оларды пайдалануға үйрету бойынша медициналық қызметтер көрсету";

      451 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      002 "Жұмыспен қамту бағдарламасы" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      9 "Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамтамасыз ету салаларындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      123 "Қаладағы аудан әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мындай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 036, 037, 038 және 039 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "036 Жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді есептеу, төлеу мен жеткізу бойынша қызметтерге ақы төлеу

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      037 Үкіметтік емес ұйымдарда мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      038 Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      039 Кохлеарлық импланттарға сөйлеу процессорларын ауыстыру және теңшеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      256 "Облыстың жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      063 "Жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      355 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      062 "Біліктілік жүйесін дамыту" және 063 "Жастардың кәсіпкерлік бастамашылығына жәрдемдесу үшін бюджеттік кредиттер беру" бюджеттік бағдарламалары бойынша:

      мынадай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      123 "Қаладағы аудан әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мындай мазмұндағы 005, 011, 015, 032 және 055 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 042 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "042 Сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамыту

      005 Ішкі қарыздар есебінен

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен

      055 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін кепілдендірілген трансферт есебінен";

      мындай мазмұндағы 005, 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 043 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "043 Қаланы абаттандыруды дамыту

      005 Ішкі қарыздар есебінен

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      08 "Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістiк" функционалдық тобында:

      1 "Мәдениет саласындағы қызмет" функционалдық кіші тобында:

      123 "Қаладағы аудан әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мындай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 044 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "044 Шығармашылық үйірмелерді жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      2 "Спорт" функционалдық кіші тобында:

      123 "Қаладағы аудан әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мындай мазмұндағы 015 бюджеттік кіші бағдарламасы бар 046 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "046 Спорт секцияларын жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асыру

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалар бар 056 бюджеттік бағдарламасымен 467 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "467 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс бөлімі

      056 Жануарларға арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттерін салу

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      1 "Автомобиль көлiгi" функционалдық кіші тобында:

      123 "Қаладағы аудан әкімінің аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      045 "Елді-мекендер көшелеріндегі автомобиль жолдарын күрделі және орташа жөндеу" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "045 Елді-мекендер көшелеріндегі автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев