Карантин белгілеу туралы

Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округі әкімінің 2022 жылғы 9 ақпандағы № 2 шешімі

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1-бабының 7) тармақшасына сәйкес, Қызылқоға ауданының бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторының 2022 жылғы 28 қаңтардағы № 11-10/22 ұсынысы негізінде ШЕШТІМ:

      1. Атырау облысы Қызылқоға ауданы Көздіғара ауылдық округіне қарасты "Тұмар" қыстағында орналасқан "Сұлтан" шаруа қожалығының мүйізді ірі қара малынан қарасан ауруының шығуына байланысты, аула-қораларының аумағына карантин белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Округ әкімі А. Ақбалашұлы