"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 1192 бұйрығы

Қолданыстағы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Бұйрық 25.11.2022 бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк көрсетілетін қызметтер" функционалдық тобында:

      1 "Мемлекеттiк басқарудың жалпы функцияларын орындайтын өкiлдi, атқарушы және басқа органдар" функционалдық кіші тобында:

      107 "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Аппараты" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің қызметін қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "111 Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі Аппаратының қүрделі шығыстары";

      752 "Облыстың қоғамдық даму басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      075 "Облыс Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 042 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "042 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар";

      02 "Қорғаныс" функционалдық тобында:

      2 "Төтенше жағдайлар жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру" функционалдық кіші тобында:

      мынадай мазмұндағы 014 бюджеттік бағдарламасы мен 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 303 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "303 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасы

      014 Республикалық маңызы бар қалалар, астана ауқымындағы төтенше жағдайлардың алдын-алу және оларды жою

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      9 "Бiлiм беру саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      227 "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Жоғары білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 111 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "111 Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің күрделі шығыстары";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      1 "Тұрғын үй шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      249 "Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      228 ""Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері" ұлттық жобасы шеңберінде тұрғын үй салу саласындағы іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      "118 Жаңа схема бойынша пилоттық жобалар шеңберінде Нұр-Сұлтан қаласы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік кіші бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "118 Жаңа схема бойынша пилоттық жобалар шеңберінде Астана қаласы, Жамбыл және Солтүстік Қазақстан облыстарының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін салуға және (немесе) реконструкциялауға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      249 "Қазақстан Республикасы Индустрия жəне инфрақұрылымдық даму министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      "235 Алматы облысының бюджетіне Алакөл көлі туристік аймағының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "235 Жетісу облысының бюджетіне Алакөл көлі туристік аймағының сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері";

      10 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары" функционалдық тобында:

      1 "Ауыл шаруашылығы" функционалдық кіші тобында:

      212 "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      006 "Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда микрокредиттер беру үшін облыстық бюджеттерге кредит беру" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 100 және 101 бюджеттік кіші бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "100 Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредиттер беру

      101 Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жобаны кеңінен тарату үшін ауыл тұрғындарына микрокредиттер беру";

      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 080 және 081 бюджеттік бағдарламалары мен 013 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "080 Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредиттер беру

      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен

      081 Ауыл тұрғындарының табысын арттыру бойынша жобаны кеңінен тарату үшін ауыл тұрғындарына микрокредиттер беру

      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен";

      741 "Облыстың ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 080 бюджеттік бағдарламасы мен 013 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "080 Ауылдық елді мекендер мен шағын қалаларда кәсіпкерлікті дамыту үшін микрокредиттер беру

      013 Республикалық бюджеттен берілген кредиттер есебінен";

      9 "Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау және жер қатынастары саласындағы басқа да қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      255 "Облыстың ауыл шаруашылығы басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 082, 083, 084, 085 және 086 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "082 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды уақытша ұстау

      083 Қараусыз қалған және қаңғыбас жануарларды сәйкестендіру

      084 Қаңғыбас жануарларды егу және зарарсыздандыру

      085 Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын сәйкестендіру

      086 Жануарларға арналған баспаналарды, уақытша ұстау пункттерін ұстау";

      мынадай мазмұндағы 056 бюджеттік бағдарламасы бар 288 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      мынадай мазмұндағы мынадай мазмұндағы 056 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "288 Облыстың құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы

      056 Жануарларға арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттерін салу";

      349 "Республикалық маңызы бар қаланың, астананың ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы мынадай мазмұндағы 063 және 064 бюджеттік бағдарламаларымен толықтырылсын:

      "063 Иелері халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын үй жануарларын сәйкестендіру

      064 Жануарларға арналған баспаналарды, уақытша ұстау пункттерін ұстау";

      мынадай мазмұндағы 056 бюджеттік бағдарламасы бар 373 және 472 бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен толықтырылсын:

      "373 Республикалық маңызы бар қаланың, астананың құрылыс басқармасы

      056 Жануарларға арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттерін салу

      472 Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі

      056 Жануарларға арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттерін салу";

      492 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" және 495 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 056 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "056 Жануарларға арналған баспаналар, уақытша ұстау пункттерін салу";

      719 "Облыстың ветеринария басқармасы" бюджеттік бағдарлама әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 036 бюджеттік бағдарламасымен толықтырылсын:

      "036 Жануарларға арналған баспаналарды, уақытша ұстау пункттерін ұстау";

      12 "Көлiк және коммуникация" функционалдық тобында:

      9 "Көлiк және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      223 "Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      010 "Ғарыш инфрақұрылымының сақталуы мен оны пайдалануды кеңейтуді қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы бойынша:

      мынадай мазмұндағы 105 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:

      "105 Жерсеріктік технологияларды пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының халқы аз ауылдық елді мекендерінде ақпараттық-коммуникациялық жүйелерге кең жолақты қолжетімділікті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілетін қызметтер".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2022 жылдың 25 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев