"Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 455 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 11 қарашадағы № 489 бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн:

      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті туралы ережеде:

      1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1-тарау. Жалпы ережелер";

      2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "2-тарау. "Комитеттің мақсаттары, құқықтары мен міндеттері";

      14-тармақта:

      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "4) Қазақстан Республикасының атынан республикалық заңды тұлғаларға қатысты республикалық меншік құқығының субъектісі құқығын жүзеге асыру, оның ішінде республикалық заңды тұлғаларды қайта ұйымдастыру және тарату кезінде табыстау актілерін, сондай-ақ бөлісу, аралық тарату және тарату баланстарын бекіту; ";

      "8) тиісті саланың уәкілетті органының ұсынуы бойынша республикалық мемлекеттік кәсіпорынға бекітіліп берілген мүлікті (өзі өндірген өнімді сатуды қоспағанда) иеліктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсілмен билік етуге, филиалдар (өкілдіктер) құруға жазбаша келісім береді;";

      9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "9) республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынға негізгі құралдарға жататын мүлікті иеліктен шығаруды немесе өзге тәсілмен билік етуді келісу;";

      48) тармақша алынып тасталсын;

      59-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "59-1) мемлекеттік материалдық резервті және жедел басқарудағы мүлікті, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарын, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды қоспағанда, жүктелген функцияларды орындауы үшін орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерін мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша қажетті мүлікпен қамтамасыз ету;";

      14-тармақ мынадай мазмұндағы, 59-6), 59-7), 59-8), 59-9), 59-10), 59-11) тармақшалармен толықтырылсын:

      59-6) мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау және пайдаланушыларға одан мәліметтер ұсыну тәртібін қоса алғанда, мемлекеттік мүлік тізілімін жүргізу қағидаларын әзірлеу;

      59-7) номенклатура өзгерген кезде алушы мемлекеттік органдармен және мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша жаңартылуға жататын мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын және броньнан шығарылған материалдық құндылықтарды басқа мемлекеттік органдардың балансына өтеусіз негізде беру бойынша шешім қабылдау;

      59-8) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату туралы мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органның шешімін келісу;

      59-9) Қазақстан Республикасы акционері (қатысушысы) болып табылатын акционерлік қоғамдардың акциялары мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердегі қатысу үлестерін және республикалық меншіктегі стратегиялық объектілерді қоспағанда, тиісті саланың уәкілетті органымен келісу бойынша республикалық мемлекеттік мүлікті акционерлік қоғамның акцияларын төлеуге не жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталына беру туралы шешім қабылдау;

      59-10) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша орналастырылатын акцияларға ақы төлеуді, "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалардың жарғылық капиталына салым енгізуді Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес ақша, сондай-ақ республикалық мүлікті, оның ішінде акцияларды, үлестерді, пайларды және жарғылық капиталға қатысудың өзге де нысандарын енгізу жолымен жүзеге асырады;

      59-11) "Астана" халықаралық қаржы орталығының актілерінде айқындалған тәртіппен "Астана" халықаралық қаржы орталығының қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғаларды басқаруда қатысуға Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан акционер (қатысушы, салымшы, мүше) ретінде мемлекеттің құқығын жүзеге асыру;";

      3-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-тарау. Комитеттің қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері";

      4-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "4-тарау. Комитеттің мүлкі;

      5-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың мемлекеттік және орыс тілдеріндегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары -
Қаржы министрі
Е. Жамаубаев