Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Ақтөбе облысы Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабына сәйкес, Ойыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Tabys Operating" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне "Тамдыкөл" кең орынынан пайдалы қазбаларды барлау үшін Көптоғай ауылдық округі және Ш. Берсиев атындағы ауылдық округі аумағындағы жалпы көлемі 23 гектар жер учаскелерін жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2022 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Ойыл аудандық жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;

      2) осы қаулыны оны ресми жариялағаннан кейін Ойыл ауданы әкімдігінің интернет – ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ойыл ауданының әкімі А. Казыбаев

  Ойыл ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 ақпандағы № 31 қаулысына қосымша

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Бұрыштық нүкте №

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, га

Жайылым, га

Басқа жерлер, га

1

Көптоғай ауылдық округі, "Баймұхан" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

4,6

4,6


2

Көптоғай ауылдық округі, "Азиз" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

4,6

4,6


3

Көптоғай ауылдық округі, "Досым" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

4,6

4,6


4

Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі, "Елім-ай" шаруа қожалығының ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері

4,6

4,6


5

Ш.Берсиев атындағы ауылдық округі (елді мекен жері)

4,6

4,6


БАРЛЫҒЫ:

23,00

23,00