Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, 2005 жылғы 13 сәуірдегі "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Заңына, 2016 жылғы 6 сәуірдегі "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 13 маусымдағы № 498 "Мүгедектер үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылғы 28 шілдеде № 14010 болып тіркелді) сәйкес, Тасқала аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған тізімдік саны бар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота жұмыскерлердің екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде белгіленсін.
2. Тасқала ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 15 желтоқсандағы №296 "Тасқала ауданы бойынша мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6556 тіркелген, 2020 жылғы 28 желтоқсанда Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Тасқала ауданы әкімі аппаратының басшысы (Е.Турмагамбетов) осы қаулының Қазақстан Республикасы нормативтік кұқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Т.Шакировке жүктелсін.
5. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Б.Айтмағамбетов |
Тасқала ауданы әкімдігінің 2021 жылғы "20" желтоқсандағы № 258 қаулысына қосымша |
Тасқала ауданы бойынша 2022 жылға арналған мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота
№ | Ұйымның атауы | Жұмыс орындарының саны | Квота саны, % | Квота белгіленген жұмыс орындарының саны |
1 | Батыс Қазақстан облысының әкімдігі білім басқармасының "Тасқала колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны | 68 | 2 | 1 |
2 | "Батыс Қазақстан облысы әкімдігі білім басқармасының Тасқала ауданы білім беру бөлімінің "Амангелді "мектеп-бөбекжай-балабақша" кешені" коммуналдық мемлекеттік мекемесі | 91 | 2 | 1 |
3 | Тасқала ауданы әкімиятының (шаруашылық жүргізу құқылы) Тасқала аудандық коммуналдық шаруашылығы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны | 61 | 2 | 1 |
4 | "Тасқала аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі | 54 | 2 | 1 |
5 | "Тасқала ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі | 22 | 2 | 1 |
Барлығы | 5 |