Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы № 658-НҚ бұйрығы.

Жаңартылған

      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы"Қазақстан Республикасы Президентінің 2019 жылғы 17 маусымдағы № 17 және 2019 жылғы 1 шілдедегі № 46 жарлықтарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 10 шілдедегі № 497 қаулысы қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгенген тәртіппен:

      1) осы бұйрық бекітілген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде электрондық нысанда Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция министрі
Б. Сұлтанов

  Қазақстан Республикасының Сауда
және интеграция министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Комитет) реттеу және іске асыру функцияларын жүзеге асыратын, сондай-ақ ішкі саудада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) стратегиялық функцияларын орындауға қатысатын Министрліктің ведомствосы болып табылады.

      2. Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      3. Комитет мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, оның өз атауы қазақ тілінде көрсетілген мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      4. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарды өз атынан жасайды.

      5. Комитетке заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      6. Комитет өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Комитет басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

      7. Комитеттің құрылымы мен штат санының лимиті Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.

      8. Комитеттің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Мәңгілік Ел даңғылы, 8-үй, "Министрліктер үйі" ғимараты.

      9. Комитеттің толық атауы:

      қазақ тілінде – "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      орыс тілінде – Республиканское государственное учреждение "Комитет торговли Министерства торговли и интеграции Республики Казахстан".

      10. Осы Ереже Комитеттің құрылтай құжаты болып табылады.

      11. Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. Комитетке кәсiпкерлiк субъектiлерiмен Комитеттің функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысында шарттық қатынастар жасауға тыйым салынады.

      Егер Комитетке заңнамалық актілермен кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған кіріс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2-тарау. Комитеттiң мақсаттары, құқықтары мен міндеттері

      13. Мақсаты: ішкі сауданы дамыту және реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру.

      14. Комитеттің құқығына:

      1) өз құзыреті шегінде құқықтық актілер шығару;

      2) Министрліктің құрылымдық бөлімшелерінен, мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпарат пен материалдарды сұрату және алу;

      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізу;

      4) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, конкурстар және өзге де іс-шаралар өткізу;

      5) жетекшілік ететін қызмет бағыттары бойынша консультативтік-кеңесші органдар (жұмыс топтарын, комиссиялар, кеңестер) құру;

      6) өз құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша сараптамаларға қатысу үшін тиісті мамандарды тарту және қорытындылар беру;

      7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру жатады;

      8) Министрліктің аумақтық органдардың негізгі қызмет, республикалық бюджетті жоспарлау және атқару мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіру;

      9) реттелетін салада Министрліктің аумақтық органдар мен ұйымдарға, заңды және жеке тұлғаларға Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әдіснамалық және консультациялық көмек көрсетуді ұйымдастыру;

      10) Министрліктің аумақтық органдарынан Министрліктің және Комитеттің бұйрықтары мен тапсырмаларының уақтылы және дәл орындалуын талап етуге құқығы бар.

      Комитеттің міндеттері:

      1) Комитетке жүктелген міндеттемелер мен функцияларды іске асыруды қамтамасыз ету;

      2) Қазақстан Республикасы заңнамасының, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерінің сақталуы;

      3) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша түсіндірулер дайындау;

      4) Министрліктің құрылымдық бөлімшелері және мемлекеттік органдар бұл туралы ресми сұрау салған жағдайда өз құзыреті шегінде және заңнама шеңберінде қажетті материалдар мен анықтамаларды ұсыну;

      5) Комитеттің теңгеріміндегі мемлекеттік меншіктің сақталуын қамтамасыз ету;

      6) статистикалық есептілікті әзірлеу және Мемлекеттік статистика органдарына табыс ету;

      7) Комитетке бөлінген бюджеттік қаражаттың толық, уақтылы және тиімді пайдаланылуын қамтамасыз ету;

      8) жеке және заңды тұлғалардың хабарламаларды, ұсыныстарды, үн қосуларды, сұрау салуларды және жолданымдарды тыңғылықтылықпен, мұқияттылықпен қарау;

      9) Комитет жұмысында "халық үніне құлақ асатын мемлекет" моделінің қағидаттарын іске асыру, Комитеттің азаматтар мен азаматтық қоғам институттары үшін қолжетімді болу;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік сатып алу рәсімдерін жүргізу.

      15. Комитеттің функциялары:

      1) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      2) мемлекеттік сауда саясатын қалыптастырады;

      3) Қазақстан Республикасының ішкі нарығын қорғау бойынша шаралар қолданады;

      4) Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының сауда шараларын қолдану мәселелері жөніндегі жұмысын үйлестіреді;

      5) Дүниежүзілік сауда ұйымының (бұдан әрі – ДСҰ) жұмыс органдарымен және ДСҰ мүшелерімен өзара іс-қимылды жүзеге асырады;

      6) ДСҰ-ның Дауларды шешу органымен өзара іс-қимыл жасайды;

      7) ДСҰ-ның жұмыс органдарымен және мүшелерімен өзара іс-қимыл жасау мәселелері жөніндегі жұмысты үйлестіреді;

      8) ДСҰ мәселелері жөніндегі ақпарат орталығының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді;

      9) сыртқы сауда қызметінің кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолданады;

      10) әкелу немесе әкету кедендік бажы қолданылатын тауарлар тізбесін, мөлшерлемелер көлемін және олардың қолданылу мерзімін, сондай-ақ қажет болған кезде оларды есептеу тәртібін бекітеді;

      11) сыртқы сауда қызметін реттеудің кедендік-тарифтік, тарифтік емес, сауда және өтемақы шараларын қолдану, өзгерту немесе олардың күшін жою туралы ұсыныстарды қарау тәртібін айқындайды;

      12) сауда қызметін дамыту, сондай-ақ тауарларды өндіру және сату үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар әзірлейді;

      13) сауда қызметін реттеу саласында Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлейді және бекітеді;

      14) ішкі сауда қағидаларын бекітеді;

      15) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша көтерме-тарату орталықтарына қойылатын талаптарды әзірлейді және бекітеді;

      16) халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудiң ең төмен нормативтерiн әзірлейді және бекiтедi;

      17) бөлшек саудадағы азық-түлік тауарларының табиғи кему нормаларын әзірлейді және бекітеді;

      18) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификат беру және оның қолданысының күшін жою жөніндегі қағидаларды әзірлейді және бекітеді, сондай-ақ тауарды шығарған елді айқындау жөніндегі сертификаттың нысандарын белгілейді;

      19) тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау, тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру және оның қолданысының күшін жою жөніндегі қағидаларда көзделген тәртіппен, тауар әкелінетін елдің уәкілетті органдарының сұрау салулары негізінде тауардың шығу тегі туралы сертификаттарды берудің негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің анықтығын және дайындаушылардың тауарларды шығарған елді айқындау өлшемшарттарын орындауын верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;

      20) уәкілетті орган айқындаған тәртіппен, тауарларды шығарған елді растау мақсатында экспорттаушыларды тауар әкелінетін елдердің ақпараттық жүйелерінде тіркеудің негізділігін верификациялауды (тексеруді) жүзеге асырады;

      21) Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп республикалық және халықаралық көрмелер мен жәрмеңкелер өткізуге бастамашы болады, оларға қатысады және оларды ұйымдастырады;

      22) халықаралық сауда-экономикалық ұйымдарымен және интеграциялық бірлестіктермен, шет мемлекеттермен, шет мемлекеттердің одақтарымен келіссөздерде Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан әрекет етеді;

      23) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жекелеген тауарлардың экспортын және (немесе) импортын лицензиялауды жүзеге асырады;

      24) тоқсан сайын тауардың шығу тегі туралы сертификат беруге уәкілеттік берілген ұйым беретін, тауардың шығу тегі туралы берілген сертификаттар жөніндегі ақпаратты талдау арқылы мониторинг жүргізуді, сондай-ақ уәкілетті органның (ұйымның) ішкі айналымға арналған тауардың шығу тегі туралы сертификатты беру, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының және (немесе) шетел тауарының мәртебесін айқындау мониторингін жүргізуді жүзеге асырады;

      25) әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін айқындау мақсатында макроэкономикалық талдау жүргізеді;

      26) әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағалардың шектi мәндерiн және оларға рұқсат етiлген шектi бөлшек сауда бағаларының мөлшерiн белгiлеу тәртiбiн әзірлейді және бекiтедi;

      27) тарифтік жеңілдіктер беру қағидалары мен шарттарын, сондай-ақ тарифтік жеңілдіктер берілетін тауарлар тізбесін бекітеді;

      28) өтемақы шарасын қолданудың орындылығы туралы қорытынды дайындау мақсатында тергеп-тексеру жүргізеді;

      29) рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларға қойылатын талаптарды, оларға сәйкестігін растайтын құжаттар тізбесін, сондай-ақ тауарды шығарған елді, Еуразиялық экономикалық одақ тауарының немесе шетелдік тауардың мәртебесін айқындау жөніндегі сарапшы-аудиторларды аттестаттау, аттестаттарының қолданысын ұзарту тәртібін бекітеді;

      30) реттелетін сала бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

      31) сауда қызметін реттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

3-тарау. Комитет қызметін ұйымдастыру кезіндегі оның басшысының мәртебесі және өкілеттіктері

      16. Комитетті басқаруды Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуына және оның өкілеттіктерін жүзеге асыруға дербес жауапты төраға жүзеге асырады.

      17. Комитет төрағасы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалады және қызметтен босатылады.

      18. Комитет төрағасының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. Комитет төрағасының өкілеттіктері:

      1) өз орынбасарларының, Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының және қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін айқындайды;

      2) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;

      3) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

      4) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыретіне жатқызылған қызметкерлерді қоспағанда, Комитет қызметкерлерін іссапарға жіберу, еңбек демалысын беру, материалдық көмек көрсету, даярлау (қайта даярлау), біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар төлеу және сыйлықақы беру, сондай-ақ тәртіптік жауапкершілік мәселелерін шешеді;

      5) қолданыстағы заңнамаға сәйкес мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда Комитеттің атынан өкілдік етеді;

      6) Комитеттің құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;

      7) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар не сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің туындауына ықпал ететін іс-әрекеттер тіркелген жағдайларда, бұл туралы Министрліктің басшылығын хабардар етеді;

      8) Комитет қызметкерлерінің мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын қамтамасыз етеді;

      9) Комитетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылға бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады;

      10) республикалық бюджеттік бағдарламалардың іске асырылуына және Мемлекеттік сатып алу саласындағы қызметтің жүзеге асырылуына дербес жауапты болады;

      11) бұзушылықтарды жою туралы нұсқаманы және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша қаулыларды тексеру нәтижелері бойынша актілерге жеке және заңды тұлғалардың шағымдарын қарайды және олар бойынша шешімдер қабылдайды, сондай-ақ мұндай өкілеттіктерді өзінің орынбасарларына береді.

      12) Министрліктің басшылығына Комитеттің құрылымы мен штат кестесі бойынша ұсыныстар береді.

      13) Комитет қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

      14) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды.

      Комитет төрағасы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын адам жүзеге асырады.

      20. Комитет төрағасы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4-тарау. Комитеттің мүлкі

      21. Комитеттің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін. Комитеттің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      22. Комитетке бекітілген мүлік республикалық меншікке жатады.

      23. Егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5-тарау. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату

      24. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.


  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
2-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Нұр-Сұлтан қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 2-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
3-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Алматы қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 3-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
4-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Шымкент қаласының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
5-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Ақмола облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 5-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
6-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Ақтөбе облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 6-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
7-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Алматы облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 7-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
8-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Атырау облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 8-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
9-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Батыс Қазақстан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 9-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
10-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Жамбыл облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 10-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
11-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Қарағанды облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 11-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
12-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Қостанай облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 12-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
13-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Қызылорда облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 13-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
14-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Маңғыстау облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 14-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
15-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Павлодар облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 15-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
16-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Солтүстік Қазақстан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 16-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
17-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Түркістан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 17-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
18-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда Комитетінің Шығыс Қазақстан облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 18-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
19-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Абай облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 19-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
20-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Жетісу облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 20-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.

  Қазақстан Республикасының
Сауда және интеграция
министрінің
2021 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 658-НҚ бұйрығына
21-қосымша

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитетінің Ұлытау облысының Сауда департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінің ережесі

      Ескерту. 21-қосымша алып тасталды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 29.12.2022 № 508-НҚ бұйрығымен.