"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 136 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 26 қазандағы № 185 бұйрығы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2022 жылғы 21 шiлдедегi № 163 бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 21.07.2022 № 163 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агентігінің аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 136 бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген бұйрықпен бекітілген 14-қосымшаның "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті туралы ереже":

      8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: 161200, Түркістан облысы, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32-көше, 16-ғимарат.".

      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Заң департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде оны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және оған енгізу үшін жіберуді;

      2) осы бұйрықты Агенттіктің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Төраға А. Жаилғанова