БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің мемлекеттік мекемелерінің ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті төрағасының міндетін атқарушының 2016 жылғы 21 қазандағы № 595 бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Орталық кеден зертханасы туралы ережесінде:
мынадай мазмұндағы 9-1) тармақшамен толықтырылсын:
"9-1) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүргізу";";
мынадай мазмұндағы 15-1) тармақшамен толықтырылсын:
"15-1) "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптамаларды жүзеге асыру;";
мынадай мазмұндағы 14-1) тармақшамен толықтырылсын:
"14-1) материалдармен танысу, ұсынылған сынамалар мен үлгілерге олардың жарамдылығы мен дұрыстығы сақталған кезде зерттеу жүргізу, сондай-ақ "Қазақстан Республикасындағы кедендік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 54-тарауында көзделмеген сараптама жүргізудің белгіленген мерзімдерін сақтау";".
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Заң басқармасы (О.А. Әбдірахманов) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығы бар республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің (бұдан әрі – Комитет) интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Комитеттің Орталық кеден зертханасы заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың іске асырылуы үшін қажетті шараларды қабылдасын.
4. Комитеттің Кадр және ішкі әкімшілендіру департаментінің Ұйымдастыру-бақылау басқармаcы (Ә.Ы. Қабдуақасов) осы бұйрықты Комитеттің Орталық кеден зертханасының назарына жеткізсін.
5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің төрағасы |
Ә. Алтынбаев |