"Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің м.а. 2021 жылғы 29 қазандағы № 1117 бұйрығы.

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген) бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:

      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:

      01 "Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер" функционалдық тобында:

      9 "Жалпы сипаттағы өзге де мемлекеттiк қызметтер" функционалдық кіші тобында:

      490 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      001 "Жергілікті деңгейде коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 042 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "042 Республикалық бюджеттен жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтеріне берілетін субвенциялар есебінен";

      03 "Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі" функционалдық тобында:

      1 "Құқық қорғау қызметi" функционалдық кіші тобында:

      201 "Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      076 "Қоғамдық тәртіпті сақтау және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 145 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "145 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне ішкі істер органдары азаматтық қызметшілерінің қатарындағы медицина қызметкерлерінің еңбекақысын арттыруға берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      628 "Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      003 "Сотқа дейінгі тексеру" бюджеттік бағдарламасының атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "003 Сотқа дейінгі тергеп-тексеру";

      04 "Бiлiм беру" функционалдық тобында:

      1 "Мектепке дейiнгi тәрбие және оқыту" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      098 "Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 121 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "121 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұлғайтуға және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыты бойынша төленген сомаларды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      2 "Бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      099 "Сапалы мектеп біліміне қолжетімділікті қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 133 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "133 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне мемлекеттік орта білім беру ұйымдарының медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұлғайтуға және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыты бойынша төленген сомаларды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      4 "Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру" функционалдық кіші тобында:

      225 "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      203 "Техникалық және кәсіптік білімі бар кадрлармен қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 130 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "130 Облыстық бюджеттерге, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың бюджеттеріне техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін мемлекеттік ұйымдардың медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді ұлғайтуға және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен шығыстардың осы бағыты бойынша төленген сомаларды өтеуге берілетін ағымдағы нысаналы трансферттер";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      2 "Коммуналдық шаруашылық" функционалдық кіші тобында:

      279 "Облыстың энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005, 011, 015, 032 және 048 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 051 бюджеттік бағдарламаласымен толықтырылсын:

      "051 Сумен жабдықтау және су бұру жүйесін дамыту

      005 Ішкі қарыздар есебінен

      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен

      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен

      032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен

      048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен";

      497 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      016 "Сумен жабдықтау және су бұру жүйесінің жұмыс істеуі" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 048 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен";

      07 "Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық" функционалдық тобында:

      3 "Елді-мекендерді көркейту" функционалдық кіші тобында:

      497 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй- коммуналдық шаруашылық бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      025 "Елді мекендердегі көшелерді жарықтандыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 048 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен";

      09 "Отын-энергетика кешенi және жер қойнауын пайдалану" функционалдық тобында:

      1 "Отын және энергетика" функционалдық кіші тобында:

      497 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      009 "Жылу-энергетикалық жүйені дамыту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 048 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "048 Республикалық бюджеттен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылыққа берілетін субвенциялар есебінен";

      13 "Басқалар" функционалдық тобында:

      9 "Басқалар" функционалдық кіші тобында:

      268 "Облыстың жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      065 "Заңды тұлғалардың жарғылық капиталын қалыптастыру немесе ұлғайту" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 005 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "005 Ішкі қарыздар есебінен";

      819 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі)" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      052 ""Ауыл-Ел бесігі" жобасы шеңберінде ауылдық елді мекендердегі әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым бойынша іс-шараларды іске асыру" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 032 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "032 Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан берілетін нысаналы трансферт есебінен";

      15 "Трансферттер" функционалдық тобында:

      1 "Трансферттер" функционалдық кіші тобында:

      459 "Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) экономика және қаржы бөлімі" бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:

      024 "Заңнаманы өзгертуге байланысты жоғары тұрған бюджеттің шығындарын өтеуге төменгі тұрған бюджеттен ағымдағы нысаналы трансферттер" бюджеттік бағдарлама бойынша:

      мынадай мазмұндағы 049 бюджеттік кіші бағдарламамен толықтырылсын:

      "049 Республикалық бюджеттен мәдениетке, спортқа, туризмге және ақпараттық кеңістiкке берілетін субвенциялар есебінен";

      бюджет түсiмдерiнiң сыныптамасында:

      1 "Ағымдағы шығындар" санатында:

      03 "Ағымдағы трансферттер" сыныбында:

      320 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" кіші сыныбында:

      321 "Арнайы мемлекеттік органдардың, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының қызметкерлеріне және əскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері" ерекшелікті мынадай редакцияда жазылсын:

      "321 Арнайы мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:

      320 "Жеке тұлғаларға берілетін трансферттер" кіші сыныбында:

      "


321

Арнайы мемлекеттік органдардың, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының қызметкерлеріне және əскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері

Осы ерекшелік бойынша "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" 2012 жылғы 13 ақпандағы, "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі және "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй төлемдері бойынша шығындар көрсетіледі.


  "

      деген жол мынандай редакцияда жазылсын:

      "


321

Арнайы мемлекеттік органдардың, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының, ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге тұрғын үй төлемдері

Осы ерекшелік бойынша "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы", "Тұрғын үй қатынастары туралы", "Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы" және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес тұрғын үй төлемдері бойынша шығындар көрсетіледі.


  ";

      "


324

Стипендиялар

Осы ерекшелік бойынша білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға, интерндерге, дайындық бөлімшесі мен резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға стипендиялар төлеу жөніндегі шығындар, сондай-ақ ішкі істер органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың офицерлер құрамы қатарынан күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын әскери (арнаулы) оқу орындары тыңдаушыларының, магистранттарының, докторанттарының стипендияларын, ақшалай ризығын төлеу жөніндегі шығындар көрсетіледі. Офицерлер құрамы және ішкі істер органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың басшы құрамы қатарынан күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын әскери (арнайы) оқу орындары тыңдаушыларының, магистранттарының, докторанттарының ақшалай қаражаты мөлшерінің 20% мөлшерінде міндетті зейнетақы жарналарын аудару;
Әскери (арнаулы) оқу орындары (әскери факультеттер) курсанттарының лауазымдық жалақысының (стипендиясының) 20%-ы осы ерекшелік бойынша жүргізіледі.


  "

      деген жол мынандай редакцияда жазылсын:

      "


324

Стипендиялар

Осы ерекшелік бойынша білім беру және денсаулық сақтау, мәдениет және спорт ұйымдарында оқитын студенттерге, магистранттарға, интерндерге, дайындық бөлімшесі мен резидентура тыңдаушыларына, докторанттарға стипендиялар төлеу жөніндегі шығындар, сондай-ақ ішкі істер органдарының, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың офицерлер құрамы қатарынан күндізгі оқу нысаны бойынша білім алатын әскери (арнаулы) оқу орындары тыңдаушыларының, магистранттарының, докторанттарының стипендияларын, ақшалай ризығын төлеу жөніндегі шығындар көрсетіледі.


  ".

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың көшірмесін мемлекеттік және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне орналастыру және ресми жариялау үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрінің м.а. М. Султангазиев