"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2021 жылғы 14 қазандағы № 627 бұйрығы

Қолданыстағы

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ведомстволары мен аумақтық органдары туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 1 қазандағы № 662 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9792 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы туралы ережеде:

      14-тармақтың 30) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "30) Ұлттық ұланның құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін қолдану жоспарын, Қазақстан Республикасын қаруландырудың, қорғаныс-өнеркәсібі кешенін дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге, аумақтық қорғаныс міндеттерін жоспарлауға және орындауға қатысу;";

      14-тармақтың 32) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "32) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органымен немесе оның аумақтық бөлімшелерімен төтенше жағдаларды жою кезінде өзара іс-қимыл жасасуды ұйымдастыру;";

      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "16. Бас қолбасшылыққа басшылықты Бас қолбасшылыққа жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы (бұдан әрі - Бас қолбасшы) жүзеге асырады.".

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап бір ай мерзімде бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып, Нұр-Сұлтан қаласының аумақтық әділет органдарына хабарлауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Р.Ф. Жақсылықовқа жүктелісін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі -
полиция генерал-лейтенанты
Е. Тұрғымбаев